85
біреуінің мөлшері артып немесе төмендеп кетуінің нәтижесінде пайда болады.
Алғашқылардың бірі болып емдеуде химиялық қосылыстарды пайдаланады.
Парацельсті қазіргі заманғы фармакологияның негізін қалаушы деп
санайды. Ол келесі қанатты сөздің авторы: «Бәрі – у, бәрі – дәрі; екеуін де
молшері анықтайды» (в популярном изложении: «Всё — яд, всё —
лекарство; то и другое определяет доза»).
Парацельс өзінен соң әртүрлі алхимиялық түзілістер туралы еңбектер,
соның ішінде «Химическая псалтирь, или философские правила о Камне
Мудрых», «Азот, или о древесине и нити жизни», т.б.
Liber Mineralium кітабында «zincum» немесе «zinken» сөздерін қолдана
отырып, мырыш /цинк/ металлына атау береді. Бұл сөз немістің Zinke, яғни
«тісше» деген сөзінен шығуы ықтимал, өйткені металлдық мырыштың
кристалиттері инеге ұқсас болып келген.
1846 жылға дейін ота жасау үстеліне түскен немесе тіс дәрігерінің
қабылдауында болған адамдар қатты ауырсынудың зардабын тартқан,
кейбіреулері оны көтере алмай өліп те кеткен. Өйткені оған дейін ауруды
сездірмеу құралы тек шоқпар болатын, оның көмегімен ауруды ота жасау үшін
уақытша «ұйықтататын» болған. Эфир ХІІІ ғасырдың өзінде-ақ ашылған
болатын, алайда тек ХVI ғасырда ғана оның ауруды сездірмейтін қасиеттері
белгілі болды және оны анықтаған – Филипп Парацельс есімді дәрігер.
Ашылған жаңалық алғаш рет 1844 жылы пайдаланылды. Ал 1846 жылдың 16
қазанында анестезия көмегімен алғашқы ота жасалды. Бостондағы клиникада
дәрігер бұқара алдында Гилберт Эббот есімді адамның мойнындағы ісігін кесіп
алып тастады. Осы күнді заманауи анестезияның туған күні деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: