80
Ұлы ақын
Данте Алигьери (1265 – 1320 жж.) шығармашылығында
бірінші рет жаңа дүниетанымның элементтері пайда болды.
Данте Құдай мен адам қатынасындағы ерекшелігін қайта
түсіндіруге тырысады. Оның ойынша құдайылық пен
адамилық бірлікте тіршілік етеді. Құдайды адамның
шығармашылық
мүмкіндіктеріне
қарама-қарсы
қоюға
болмайды. Адамның тіршілік етуі бір жағынан Құдаймен,
екінші жағынан табиғатпен келісілген. Данте адамды оның
практикалық әрекетінде жүзеге асатын, өзінің ақылының
жемісі деп үнемі айрықша басып айтады.
Достарыңызбен бөлісу: