8
Сөйтіп, дүниетанымның аксиологиялық жағы адамның іс-әрекетін ретке
келтіреді және белгілі деңгейде праксиологиялық жағымен байланысты.
Праксеологиялық жүйенің міндеті – дүниетанымның танымдық және
құндылықтық компоненттерінің адам іс-ірекетімен тығыз байланысын
қамтамасыз етеді. Бұл дүниетанымның рухани-практикалық жағы, ол жерде
дүниетаным практикалық жағдайға іс-әрекеттің, жүріс-тұрыстың және қарым-
қатынастың әр түрлі бағдарламаларын өзіндік «тізімге кіргізуді» жүзеге
асырады. Осылайша, дүниетаным өзіне жеке адамның рухани және
практикалық іс-әрекетінің белгілі
реттеушіні жатқызады. Бұндай реттеушілер
мифологиялық, діни, ғылыми, философиялық және басқа да көзқарастар
арқылы қойылуы мүмкін. Дүниетанымның праксиологиялық жағы реттеушілер
мен принциптерден басқа наным сияқты компоненттен тұрады.
Наным –
дүниетаным жүйесіне білімдер мен құндылықтардың тереңдеу, тездету
формасы, ол игерілген идеялардың ақиқаттығына сенім. Білімдер нанымдарға
өтпеуі де мүмкін, бірақ нанымдар рационалды білімдерге негізделеді.
Нанымдар – ол білімнен тәжірибеге өту буыны. Білімдер наным болып
қалыптасқанда ғана, олар дүниетанымның элементі болып табылады
(сондықтан да дүниетанымды көбінесе тұлғаның нанымдарының жиынтығы
ретінде анықтайды). Сенушілік адамға өмірде көмектеседі, кей-кезде
шешілмейтін болып көрінетін қиын жағдайларды шешуге және таңдау жасауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: