Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


  ФИЛОСОФИЯ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет9/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

1.2.  ФИЛОСОФИЯ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ 
 
Философияның  бастауы  –  адамзат  ақыл-ойының  қызығушылығында, 
Аристотельдің  ойынша  адамдар  таңқалудан  кейін  философиямен  айналыса 
бастаған.   
«Философия»  термині  бірінші  рет  Көне  Грек  жерінде  пайда  болды  (грек 
тілінен  phileo  –  сүйемін,  sophia  –  даналық  дегенді  білдіреді).  Бірінші 
философтар, содан кейін «философ» сөзі және кешірек «философия» сөзі пайда 
болды.  Бұл  терминды  алғашқы  қолданған  антик  философы,  математигi 
Пифагор,  ол  оны  «даналыққа  құштарлық»  деп  түсiндi,  ал  «философия» 
терминін  ерекше  ғылым  ретінде  белгілеуде  Платон  бірінші  қолданған.  Бұл 
сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары 
тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiлдiрумен қатар, 
«өзге»  үшiн  «өзiңдi  ұмыту»,  өзiңнен  бас  тарту  сезiмiн  де  аңғартады.  Осылай 
зерделеудiң  нәтижесiнен  мынадай  түйiн  келiп  шығады:  философия-адамның 
өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.   
Барлық  білім  бірінші  философтардың  көзқарасы  бойынша  даналық  емес. 
Көп  білімділік  Гераклиттің  үйретуінше  даналықты  қоспайды.  Сонымен, 
философияны  «даналық»  түсiнiгiмен  байланыстырар  болсақ,  онда  бұл  сонғы 
ұғым  «бiлiмнiң  жоғары  синтезi»,  белгiлi  бiр  нәрсе  туралы  «толық  жетiлген 
бiлiм»  деген  мағынаны  бiлдiредi.  Демек,  философия  осындай  бiлiмге  деген 
құштарлық, ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат 
әлемi,  сонымен  қатар,  өзiм  және  феномен  ретiндегi  бiлiмнiң  өзi  (антика 
дәуiрiнде  философия  бiлiмге  ұмтылуды,  таза  да  тұнық  Ақиқатқа  жетудi 
бiлдiрдi).  Философияның  бастапқы  негiздерi  мифология,  дiн  және  алғашқы 
ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр. 
Мифология  дүниенің  жалпы  көрінісін  эмоционалды-сезімдік  таным 
деңгейінде  құрса,  философия  рационалды  танымға  бағытталған  дүниеге  деген 
көзқарасты тудырады, ол дүниенің ішкі мәні арқылы дүниені тануға ұмтылады. 
Философия білім мен танымның басқа жүйелерінен елеулі айырмашылығы бар, 
ол  үнемі  өзіне  өзінің  мәні,  пәні  және  мақсаты  туралы  сұрақтар  қояды. 
Философия  мифологиядан  дүниенің  пайда  болуы,  оның  құрылымы,  ондағы 
адамның  орны  туралы  сұрақтар  жиынтығы  деп  түсінілетін  дүниетанымдық 
мазмұнын  мұраланды.  Философияның  пайда  болу  үрдісінің  жалпы  түрі 
мифологиялық  дүниетаным  мен  рационалды  ойлаудың  арасындағы 
қайшылықтарды  шешу  ретінде  ұсынылады.  Сол  себепті  философия 
дүниетанымның рационалды-теориялық өзегі болып қалыптасты.   
Философияның  қалыптасуы  жаңаның  сапалы  бекітілуін  білдірді. 
Адамдардың  әлеуметтік  өзін-өзі  тануы,  қоғамдық  мұраттар  мен  құндылықтар 
философияда  теориялық  мағынаға  ие  болды.  Сонымен  бірге,  философия 
қоғамдық-тарихи  тәжірибені,  мәдениет  пен  өркениеттің  ілгерілеуінің 
үйлесімсіздігін рухани меңгеруде интегративті тәсіл болып табылды. Ағылшын 
оқымысты-философы  Б.Рассел  кезеңді  немесе  ұлтты  түсіну  үшін  біз  олардың 
философиясын түсінуіміз керек деп дұрыс айтқан. 


12 
 
Философия  ерекше  дүниетаным  және  адамның  рухани  іс  -  әрекетінің 
көрнекті  саласы  ретінде  аталған  дүниетаным  түрлерінің  өзара  қатысуының 
нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен 
бірге,  алғашқы  бастауы,  қайнар  көзі  ретінде  олармен  байланысын  жоғалтқан 
жоқ. 
Бірақ та философия дүниетанымның теориялық өзегі болып онымен сәйкес 
келмейтінін  ұмытпау  керек.  Философия  дүниенің  барлық  құбылыстары  үшін 
ортақ  негіз  туралы,  оның  бірлігі  мен  бүтіндігі  шартын  іздейді.  Философия 
біріншіден,  дүниетанымдық  сананың  пайда  болуы  философия  қалыптасуының 
алдында  жүреді;  екіншіден,  философияның  пайда  болуына  дейін 
дүниетанымның  қызметтерін  мифология,  дін,  ғылыми  және  күнделікті 
білімдердің  нышандары  орындаған.  Философия  адамның  дүниені  тану 
тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым 
– қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет