Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Дүниетанымның ұғымы және құрылысы



Pdf көрінісі
бет7/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   199
Дүниетанымның ұғымы және құрылысы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 – сызбанұсқа. Дүниетанымның ұғымы және құрылысы  
 
 
Дүниені сезіну (сезімдік, 
эмоционалды-
психикалық сала) 
Дүниетаным 
Негізгі салалары 
Ұғымы 
Негізгі құрылымдық 
деңгейлері 
Дүние және адам туралы 
жалпы ұғымдар жүйесі 
Дүниені түсіну 
(рационалды, 
интеллектуалды-
танымдық сала) 
Дүниені қабылдау 
(білім, сезім, эмоция, 
ойлау, бақылау, талдау) 
Білімдер  
Құндылықтар және 
бағалау 
Мұраттар және 
қағидалар  
Нанымдар  



 
Дүниені  қабылдау  –  дүниені  бар  жақтарымен  бірлікте  көруге,  оған  нақты 
түсінік  беретін  екінші  саты.  Дүниені  қабылдау  теориялық  тұрғыда 
дәйектелмесе  де,  көптеген  негіздерге  тіректенуі  мүмкін.  Дүниені  қабылдау 
жағымды, сонымен қатар жағымсыз сипатталуы мүмкін (мысалы, абсурдтықты, 
трагедиялық,  тіршілік  етудің  күйзелісін  қабылдау).  Дүниені  түсіну  –  дүниені 
игерудегі  дүниетанымның  ең  жоғарғы  сатысы;  әлем  және  адам  туралы  жан-
жақты  талданған  көзқарастар  және  үғымдармен,  шындыққа  деген  көп  қырлы 
күрделі  қатынастармен  араласып  дамыған  дүниетаным.  Дүниетанымның 
шынайы өлшемдерінде бұл сатылар әлемнің толық бейнесін және ондағы өзінің 
орнын  құрастырып  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  өзара  бір-бірін 
толықтырады. 
Дүниетанымның  құрылымын  талдай  отырып  оның  келесі  жақтарын 
көрсетуге  болады:  танымдық,  аксиологиялық,  праксиологиялық.  Осы 
жақтардың  әр  бірі  күрделі  ішкі  жүйені,  сонымен  бірге  жеке  құрамдарын 
ұсынады.  
Дүниетанымның  танымдық  жағы  натуралисттік  және  гуманитарлық 
аспектілерін  қамтиды.  Дүниетанымның  танымдық  жағының  натуралисттік 
аспектісі  –  табиғат,  ғарыш,  универсум,  адамның  табиғи  мәні  туралы білімдер 
мен түсініктер. Бұл жерде дүние қалай пайда болды, өмір деген не және бүкіл 
Әлемде өмір қандай формада тіршілік етеді.  
Дүниетанымның танымдық жағының  гуманитарлық аспектісі – ол өзінің 
әлеуметтік  табиғатын,  «адамдар  әлемінде»  өзінің  орнын  ұғыну.  Ол  жеке 
адамның әлеуметтік, қоғамдық-саяси, этикалық және эстетикалық көзқарастары 
мен түсініктерін біріктіреді.  Қоғам қалай құрылған және қалай жұмыс істейді, 
тарихи  үрдістің  бағыттылығы  қандай,  тарихтың  мағынасы  неде,  әлуметтік 
дамуды болжауға болады ма – осындай сұрақтар мен оларға берілген жауаптар 
гуманитарлық мәселелердің мағынасын құрайды.   
Дүниетаным  жүйесінде  маңызды  рөлді  дүниетанымның  аксиологиялық 
(құндылықты) 
жағы 
алады. 
«Құндылық» 
ұғымы 
шындықтың 
құбылыстарындағы  адамилықты,  әлеуметтікті  және  мәдени  мағыналарды 
көрсету  үшін  қолданылады;  дүниетанымның  құндылықты  жағының  өзекті 
мағынасы  қоғамның  дүниетанымдық  қағидаларының  беделін  түсіру  және 
мәдени дәстүрдің құлдырау кезеңінде ие болды.    
Адамның  дүниеге  деген  қатынасының  екі  құндылықты  түрлері  болып 
пәндік  және  субъектілік  құндылықтар  табылады.  Пәндік  құндылықтар 
этикалық 
мәселелер 
көзқарасы 
жағынан 
қарастырылатын 
табиғи 
құбылыстардың  шеңберіне  адамзат  іс-әрекеті  заттарының,  қоғамдық 
қатынастардың көп түрлілігін өзіне жатқызады. Субъектілік құндылықтар – ол 
тәсілдер  және  өлшемдер,  осылардың  негізінде  қатысты  құбылыстарды 
бағалайтын  рәсімдер  өндіріледі.  Ол  адамның  іс-әрекетіндегі  бағыт  болып 
табылатын және қоғамдық  санада нормативтік түсінік формасында бекітілетін 
құрылым  мен  баға,  императив  пен  тыйымдар,  мақсаттар  мен  жобалар.  Олар 
адамның әлеуметтену үрдісінде қалыптасады.  



 
Сөйтіп,  дүниетанымның  аксиологиялық  жағы  адамның  іс-әрекетін  ретке 
келтіреді және белгілі деңгейде праксиологиялық жағымен байланысты. 
Праксеологиялық  жүйенің  міндеті  –  дүниетанымның  танымдық  және 
құндылықтық  компоненттерінің  адам  іс-ірекетімен  тығыз  байланысын 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  дүниетанымның  рухани-практикалық  жағы,  ол  жерде 
дүниетаным  практикалық  жағдайға  іс-әрекеттің,  жүріс-тұрыстың  және  қарым-
қатынастың  әр  түрлі  бағдарламаларын  өзіндік  «тізімге  кіргізуді»  жүзеге 
асырады.  Осылайша,  дүниетаным  өзіне  жеке  адамның  рухани  және 
практикалық іс-әрекетінің белгілі реттеушіні жатқызады. Бұндай реттеушілер 
мифологиялық,  діни,  ғылыми,  философиялық  және  басқа  да  көзқарастар 
арқылы қойылуы мүмкін. Дүниетанымның праксиологиялық жағы реттеушілер 
мен  принциптерден  басқа  наным  сияқты  компоненттен  тұрады.  Наным  – 
дүниетаным  жүйесіне  білімдер  мен  құндылықтардың  тереңдеу,  тездету 
формасы,  ол  игерілген  идеялардың  ақиқаттығына  сенім.  Білімдер  нанымдарға 
өтпеуі  де  мүмкін,  бірақ  нанымдар  рационалды  білімдерге  негізделеді. 
Нанымдар  –  ол  білімнен  тәжірибеге  өту  буыны.    Білімдер  наным  болып 
қалыптасқанда  ғана,  олар  дүниетанымның  элементі  болып  табылады 
(сондықтан  да  дүниетанымды  көбінесе  тұлғаның  нанымдарының  жиынтығы 
ретінде  анықтайды).  Сенушілік  адамға  өмірде  көмектеседі,  кей-кезде 
шешілмейтін болып көрінетін қиын жағдайларды шешуге және таңдау жасауға 
мүмкіндік береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет