97
- болмыстың, қоғамның, адам әрекеттері мен мінез-құлықтарының
рационалдылығы,
мақсаттылығы,
өзара
байланыстылығы
мен
заңдылықтарын мойындау;
- адамның адамгершілігіне және оның гуманизм позициясымен әлеуметтік
мәселелерді шешу мүмкіндігін табу;
- философияның негізгі мақсаты ретінде адамзат зердесінің қызмет ету
заңдылықтарын ашуын, таным үрдісі және дұрыс логикалық жүйеге
әкелген анық білімді алуды мойындау.
Неміс классикалық кезеңі философтарының әр қайсысы өзінің идеялары
және қағидаларымен ерекшеленетін философиялық жүйелерін жасады, олар
келесі жалпы ерекшеліктермен сипатталады:
- қарастырылатын философиялық мәселелерді талдаудың толықтығы және
тереңдігі;
- дәлелділіктің жоғарғы сатысы, философияның пәнін анықтау, нәтижесінде
неміс философиялық классикасы ғылымның белгілерін алды;
- философияда «жан» ролін және мәдениеттің сыни намысын мойындау;
- философияға арнайы философиялық пәндер, категориялар, идеялар жүйесі
ретінде
қатынасы, басқа ғылымдар мен діннен философияны бөлу;
- диалектиканың бүтін тұжырымдамасын әзірлеу, болмыстың олардың өзара
байланысы мен өзгерісінде байланысты зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: