Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет80/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Иммануил Кант. 
Сынға дейінгі кезең 
Мақсат:  
1. 
Табиғи-ғылым мәселелерін зерттеу  
2. 
Метафизиканың 
(философияның) 
танымдық 
және 
әдістемелік 
мүмкіндіктерін зерттеу  
Негізгі жаңалықтары: 
1. 
Әлемнің тозаңды бұлттан пайда болу болжамы  
2. 
Көтерілу мен қайту болжамы  
3. 
Классикалық  метафизиканың  шектеулілігі,  философиямен  айналысудың 
жаңа әдісін дамыту қажеттігі  
 
 
Сын кезеңі  
«Таза ақылға сын» 
«Практикалық 
ақылға сын» 
«Пайымдау 
қабілетін сынау» 
Сезімнің, пайым мен 
зерденің априорлық 
формаларын зерттеу. «Мен 
не біле аламын?» сұрағына 
жауап 
Адамгершілік мінез-
құлықтың априорлық 
формаларын зерттеу. 
«Мен не істеуім керек?» 
сұрағына жауап 
Пайымдаудың 
эстетикалық және мақсатты 
тұжырымдау қабілеттерінің 
априорлық формаларын 
зерттеу. «Неге табиғат әсем 
және мақсатты?» сұрағына 
жауап 
 
Иоган  Готлиб  Фихте  (1762-1814  жж.)  -  И.Канттан 
кейінгі  неміс  классикалық  философиясының  өкілі.  Иена 
және  Лейпциг  университеттерінде  оқып,  білім  алған. 
Негізгі еңбектері: «Ғалымның міндеті», «Ғылым жөніндегі 
ілім», «Неміс ұлтына арналған сөздер» т.с.с. 


100 
 
Адамның еріктілігін, оның моральдық іс-әрекетін негіздеу жолында Фихте 
тұлғаның  рухани  белсенділігін  көрсетеді,  ал  оның  өзі  бүкіл  Дүниенің  негізін 
құрайтын рухани үлкен күштің жалғасы ретінде түсіндіріледі. 
Фихтенің ойынша, Дүниенің бастауы «Үлкен Менге» барып  тіреледі. Ол - 
ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбір сезімдіктен жоғары белсенділік, еріктік, 
іс-әрекеттік,  өзін-өзі  толығынан  танып-білуге  ұмтылған,  өзінің  себебі  өзіндегі 
рух. Сондықтан ол Дүниені өз ішінен жарата алады. 
Фихтенің ойынша, Дүниенің өмір сүруінің үш негізі мынандай: 
1. Алғашында орасан зор тебіреніс арқылы «Үлкен Мен» өз-өзін анықтап 
«Мен - Менмін» деген дәрежеге келеді. 
2. Келесі сатыда «Мен» өзінен «Мен еместі» тудырып, өзін қарсы қояды. 
«Мен емес» өз ішінде «кіші Мен» (оның санасы бар) мен бірге табиғатты (оның 
санасы  жоқ)  қамтиды.  Сонымен  «кіші  Мен»  -  ол  тарихта  өмір  сүріп  жатқан 
тұлғалар - тірі адамдар. 
3.  Соңғы  сатыда  шексіз  «Үлкен  Мен»  мен  өзі  тудырған  «Мен  еместің» 
арасында,  бір  жағынан,  шексіздікке  бағытталған,  екінші  жағынан,  шектелген 
диалектикалық байланыстар пайда болады. 
Сонымен қатар «Мен еместің» өз ішінде адам (кіші Мен) мен Табиғаттың 
арасында  «кіші  Меннің»  белсенділігі,  оның  қоршаған  ортаны,  қол  астындағы 
болмысты  өзгерту,  «Үлкен  Менге»  қарай  ұмтылу,  соған  қосылу  іңкәрінің 
негізінде күрделі байланыстар пайда болады. 
Фихтенің ойынша, «Мен еместің» ішіндегі құрамдас бөлік  – табиғат - өз-
өзіне  жеткілікті,  дербес  емес,  ол  тек  қана  объект,  зат,  кедергі.  Оны  субъект  - 
«кіші  Мен»  әр  қашанда  іс-әрекет  арқылы  бұзып,  игеріп,  өзін-өзі  толықтырып, 
«Үлкен  Менге»  жақындай  түседі.  Алайда  «кіші  Мен»  мен  «Үлкен  Мен»  бір-
біріне толық ұласып кетпейді: ондай жағдай болғанда ешқандай іс-әрекет қажет 
болмай  қалар  еді.  Сондықтан  бүкіл  адамзат  тарихы  -  «Үлкен  Менге»  - 
Дүниежүзілік рухқа өне бойы шексіз жақындау. 
Сонымен  «Үлкен  Мен»  Дүниедегі  барлық  субъектілер  мен  объектілерді 
жаратады. Оның барлық тірі адамдардың санасына қарым-қатынасы бар, бірақ 
ол өзі шексіз болғаннан кейін, нақтылы тұлға бола алмайды. 
Ал  енді  адамның  тұлғалық  өзіндік  санасына  келер  болсақ,  ол  тек  қана 
өзінің «мен еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсіне келе ғана пайда 
болады.  Олай  болса,  субъектісіз  объект  жоқ  объектісіз  субъект  жоқ.  Олардың 
өзара  байланысында,  әрине,  субъект  шешуші  рөл  атқарады,  оның  рухани 
күштері,  шығармашылық  іс-әрекеттері  айнала  қоршаған  ортаны  өзгертуге 
бағышталған.  Өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  сыртқа  шығарып  қана  тұлға  өз-өзін 
орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді. 
Материалдық  дүниені  -  Табиғатты  игеру  тарихы,  Фихтенің  ойынша, 
адамзат  мәдениетінің  қалыптасып  дамуымен  тең.  Осы  үрдісте  адам  тек  қана 
табиғатты  игеріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  өзінің  табиғи  негіздерін  де 
жетілдіру керек, сонда ғана ол бақытқа жетеді.  


101 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет