Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Иммануил 
Кант 
(1724-1804 
жж.) 
Шығыс 
Пруссиядағы Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында 
дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр сүрген. 
И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық 
сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: 
«Мен ненi бiле аламын», «Мен не iстеуiм керек», «Мен не 
нәрсеге  үмiттене  аламын»,  «Адам  дегенiмiз  не»  және  ол 
өзi не бола алады. 
И.Канттың гносеология саласында жасаған коперникандық төңкерісі «мен 
нені біле аламын?» деген сұраққа жауап беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант 
бiлiмдi  екiге  бөледi.  Олар  апостериорлық  (тәжiрибелiк)  бiлiм  және  априорлық 
(яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағнада да түсiнуге 
болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген). 
Өзiнiң  практикалық  философиясында,  яғни  моральдық  iлiмiнде, 
априорлық  деп  дүниедегi  барлықты  емес,  болуға  тиiс,  керектiгiн  көрсететiндi 
айтады. 
И.Канттың  таным  теориясындағы  тағы  да  жиi  кездесетiн категориялары  - 
ол трансцендентальдық және трансценденттiк. 
Трансцендентальдық  деп  И.Кант  тәжiрибенiң  алдында  және  сол 
тәжiрибелiк  танымның  мүмкiндiгiн  жасайтын  ұғымдарды  айтады.  Ал 
трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр 
жағында жатқанды айтады. 
Келесi  екi  ұғым  -  ол  «зат  өз  iшiнде,  яғни  заттың  өзiндiгi»  -  оны  И.Кант 
«ноумен» деген ұғыммен бередi, ол - мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол 


98 
 
«феномен» деген атпен бередi. Оларды бiз сезiмдiк және ақыл-ойдың бiтiмдерi 
арқылы  ретке  келтiрiп  тани  аламыз.  Ал  ноумендi  алсақ,  ол  танылмайды. 
Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек қана оның өмiр сүрiп жатқанын көремiз. 
Олар бiздiң түйсiктерiмiздi қоздырушы күштер ғана.Үшiншi мағнасы  - өзiндiк 
зат тәжiрибенiң әр жағында жатыр. Төртiншiден, оларды таным үрдісінде бiртi-
бiрте  жақындай  беретiн  идеалдар,  неше-түрлi  рухани  құндылықтар  ретiнде 
түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол сенiм аймағына жатады. 
Егер  И.Кантқа  дейiнгi  ойшылдар  танымның  негiзi  табиғатты  аңлауда 
жатыр  деп  есептесе,  ол  дүниетануды  адамның  белсендi  iс-әрекетiмен 
байланыстырып,  осы  жолда  адам  дүниенi  өзiнiң  априорлық  формалары 
арқылы ретке келтiрiп құрады деген пiкiрге келедi. Философиядағы И.Канттың 
жасаған коперникандық төңкерiсi деп бiз осыны айтамыз. 
И.Канттың  танымдық  теориясы  түйсiктер  арқылы  берiлетiн  әр-түрлi 
құбылыстардан  басталады.  Оларды  белгiлi  бiр  ретке  келтiретiн  априорлық 
сезiмдiк аңлау формалары бар. Олар – кеңiстiк пен уақыт. 
И.Канттың ойынша, кеңiстiк пен уақыт - белгiлi бiр сапасыз, бiртектi және 
шексiз  созылымдар.  Сезiмдiк  аңлаудың  таза  формалары  (трансценденталилер) 
ретiнде  олар  идеалды,  ал  материалдық  тәжiрибемен  қосылған  кезде,-  шынайы 
болып келедi. Егер кеңiстiк аңлаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт 
-  априорлық  iшкi  формасына  жатады,  өйткенi,  уақыт  адамға  сырттай 
берiлмеген, бiз оны тек iштей санау арқылы ғана сезiне аламыз. 
И.Канттың  ойынша,  кеңiстiк  пен  уақытты  аңлау  математика  ғылымының 
қайнар көзiн құрайды. Егер геометрияның негiзiнде кеңiстiк жатса, арифметика 
мен  алгебраның  негiзiнде  уақыт  жатыр,  өйткенi  сандарды  есептеу,  бiрiнiң 
соңынан екiншiсiн келтiру уақыт шеңберiнде оларды санауды қажет етедi. 
Алайда  сезiмдiк  аңлау,  қайсыбiр  одан  шығатын  тәжiрибе  әрқашанда 
кездейсоқты,  ал  бiлiм  жалпы  мағыналық  және  қажеттiк,  заңдылық  дәрежесiне 
көтерiлуi  керек.  Оған  жететiн  жол  -  априорлық  ақыл-ой  формалары,  оларды 
И.Кант  категориялар  дейдi.  Ол  категориялардың  қайнар  көзiн  тәжiрибеден 
шығармайды  -  олар  да  кеңiстiк  пен  уақыт  сияқты  априорлық  табиғатымен 
сипатталады.  И.Канттың  сараптауы  бойынша  ақыл-ойдың  априорлық 
категорияларына  сан,  сапа,  қарым-қатынас,  модальдық  жатады.  Әңгiменiң 
ғажаптығы  И.Кант  осы  көрсетiлген  категорияларды  уштiк  арқылы  келтiредi. 
Мысалы,  сан  категориясын  бiрлiк,  көптiк,  бiртұтастық  арқылы,  сапаны  – 
реалдық, терiстеу, шектеу т.с.с. шығарады. И.Кант философия саласында Жаңа 
дәуiрде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса үлкен рөлiн көрсете 
бiлдi. 
Сонымен,  категориялар  арқылы  бiз  сезiмдiк  аңлаумен  алынған  дүние 
жөнiндегi  қабылдауларды  қажеттiлiк,  жалпымағналық  дәрежеге  көтеремiз. 
И.Канттың айтуына қарағанда, сезiмсiз бiрде-бiр зат бiзге берiлмеген болар едi, 
ал  ақыл-ойсыз  бiрде  -  бiр  нәрсенi  ойлауға  болмас  едi.  Ойлау  сезiмсiз  -  бос, 
аңлау  ұғымдарсыз  -  соқыр.  Ал  осы  адамның  екi  қабiлетiн  бiр-бiрiмен  қоссақ, 
онда  бiз  толыққанды  бiлiм  дәрежесiне  көтерiле  аламыз.  Оны  И.Кант  тәжiрибе 
дейдi.  Сонымен  субъект  категориялар  арқылы  заңдылық  пен  тәртiптi 


99 
 
құбылыстарға берiп, оны табиғат деген атпен бередi. Адам табиғатқа заңдылық 
берушi.  Мұндай  көзқарасты,  әрине,  субъективтi-идеалистiк  философия  деп 
әбден айтуға болады. 
И.Канттың  таным  теориясын  әрi  қарай  жалғастырсақ,  онда  бiз  оның 
тәжiрибелiк  танымның  әрқашанда  толық  емес  екендiгi  жөнiндегi  ойын 
байқаймыз - трансценденттiк әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бiрақ адамның 
санасында ещқашанда жойылмайтын бүкiл дүние жөнiнде соңғы ақиқатқа деген 
құштар бар. Ал мұндай iстi өзiнiң мойнына ақыл-ой емес, зерде алады. 
Егер  ақыл-ой  қабiлетi  арқылы  бiз  категориялдық  ғылыми  таным 
дәрежесiне  көтерiлсек,  зерде  арқылы  бiз  толыққанды  танымның  соңғы 
кiрпiшiне  дейiн  көтерiлуге  тырысамыз.  Сананың  шексiздiкке  деген 
құштарлығын  зерде  шешкiсi  келедi.  И.Кант,  жалпы  алғанда,  ақыл-ой  мен 
зерденi  адамның  ойлау  қабiлетiнiң  екi  бұтағы  ретiнде  қарайды.  Егер  ақыл-ой 
дүниедегi құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде құбылыстың әр 
жағында  жатқан  өзiндiк  заттың  iшкi  сырын  ашқысы  келедi.  Зерде  ақыл-ой 
шеңберiнен аттап трансценденттiк әлемге өтуге тырысады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет