Достоевский (1821-1881 жж.) – ұлы орыс жазушысы
саналады. Ол кәсіби философ болмаған, бірақ философияға
тікелей қатысы бар адам болмысының салаларын
зерттеген. Жазушы ең алдымен суретші ретінде ойланады.
Ф.М.Достоевскийдің шығармашылығы рух философиясы
мәселелері аумағында жинақталған: антропология, тарих
философиясы, этика, дін философиясы.
Ұлы
жазушы ХХ
ғасыр философтары
мен
жазушылары ұсынған және дамытқан антиутопия жанрында алғашқы болды.
Оның романдарының күрделі желісі болып адамды әр тұрғыда, әр жақтан ашу.
Адамзат табиғатының түпкірінде ол Құдайды және әзәзілді ашады, бірақ адам
арқылы және адамға деген қызығушылық арқылы ашады. Адамдағы басты
қайшылық болып жақсылық пен жамандық қарама-қарсылығы табылады.
Адамгершілік таңдау кезі болып адамның және оның рухының ішкі дүниесінің
күші табылады. Адам бостандығының ақиқат жолы адамгершіліктің бастамасы
және кепілі болатын Құдайға қарай бет бұру. Бостандық адам мәнін құрайды
және адамзаттың тіршілік етуінің басты жағдайы. Бостандық – ол адамның
өзінің әрекеттеріне жоғарғы жауапкершілік және бір мезгілде қайғы мен
ауыртпалық. Бостандық рухы күшті, Құдайадам жолына түсетін қайғыға шыдай
алатын адамдар үшін арналған. Достоевскийдің қоғамдық идеалы болып орыс
120
социализмі табылады. Ресейдің тағдыры оған халықтардың христиандық
бітісуінде көрінді.