3.7. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Қазақ халқының философиялық дүниетанымы ойлау мәдениетінің шығу
тегі көне түркі мәдениетінен Ү-ҮІ ғасырларда басталған. Оны мәдениет
тарихында мәдени мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан
табылғандықтан Орхон, Енисей руна жазулары деп аталады. Негізінен түркі
шығармаларымен таныссаңыз. Сол замандағы түркілер мен қазіргі қазақ
127
санасының арасындағы терең рухани сабақтастық бар. Әл- Фарабиден бастап
кейінгі ғұлама ойшылдар Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи т.б. жатады. Қазақ
халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ғұлама ойшылдардың
ықпалы өте зор болған.
Философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес, өзінің төл санасына
жататын құбылыс. Философия халқымыздың әлеуметтік психологиясына,
әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңген.
Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның тұрмысынан аңғарылуы
заңды дүние, сондықтан араб-парсы мистикалық философиясын қазақ халқы
сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салтына, ерекшелігіне сай қабылдаған.
Көшпелі қауымға негізінен мистика жат құбылыс, сондықтан араб мистицизмі
қазақ халқының санасында оптимистік, өміршеңдік арнаға түсті.
Халықта даналығымен көзге түскен көптеген билер, ақындар, жыраулар
болған. Мәселен аты алашқа әйгілі болған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек,
Әйтеке билер көбінесе құбылысты астарлап ашып, тұспалдап сөйлейтін
шеберлігін танытып отырған. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге
тоқтаған адамды тіршілікте өте жоғары бағалаған.
Жырау- әлі қоғамдық ғылымда зерттелмеген, сыры толық ашылмаған,
күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, Қобылан жырау т.б. сияқты тұлғалар
шығармашылығы кепіл. Жырау жеке басының ғана ар намысын, ұятын ғана
ойлап қоймаған, негізінен оның мұңы халық мұңы.
Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен
сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ
халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсіресе көшпелі тұрмыс
тіршілігінен және менталитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның
тигізген әсері қатты байқалады.
Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы болды.
Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.
Қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде синкретизмді
(«синкретизм» - «өзара кірігу») қарастыруға болады. бұл дүниеге көзқарастық
принциптердің өзара кірігіп кетуімен сипаталады. Ол ауздан ауызға тараған
ауыз әдебиетінен көрінді.
Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер
- өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын
түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса
да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ой
тұжырымдап отырды.
Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей
мәселелерге бөліп болады:
- қарапайым диалектика;
- ерлік пен батырлық мәселесі;
- еріктілік пен бостандық мәселесі;
- адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен
зұлымдық, ар-намыс, аброй категорияларын тереңінен қарастыру;
128
- әлеуметтік әділетілік мәселе;
- аксиологиялық мәселелер;
- дін және еркін ойшылдық туралы ойлар;
- адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық
ізденістер;
- адамгершілік және мораль мәселелері;
- ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б.
Қазақ ұлы халық , философиялық идеялар қазақ халқына таңсық емес , ол
қазақ тарихында ежелден бар, ол ақиқат :
Қазақ идеясының қалыптасуын қазақ хандығы құрылған дәуірмен
ұштастырсақ, алдымен ұлттың қалыптасып, оның мүддесінің дамуына негіз
болған қазақ жырауларының ой толғамдарына тоқталу қажет. Жыраулар
руханиятындағы идеялар, елдің болашағына сын көзбен қарап және ұлт
қажеттіктерін саралау негізінде туындап отырған көзқарастар, қазақ қоғамының
әлеуметтік құрылымдық негіздерін анықтай түсетін тұлғалар феноменінің
мәдени жүйесінің жарыққа шығуына негіз болмақ.
Жыраулардың руханиятында ел мүддесінің болашақ тағдыры тұрғысында
көтерілген идеялар ел мен ата мекеннің, аға ұрпақ буынның рухани бейнесін
тарихи тұрғыда анықтап отыратын шындық. «Қазақтың – деп жазады Х.
Досмұхамедов, — жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден
озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық
өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады». Дүниетаным
шексіз, шекарасы жоқ рухани әлем. Адам бар жерде дүниені тану, қабылдау,
сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану мен қатар игеру, яғни
дүниетанымдық құндылықтардың өмір сүрері анық. Осы тұрғыдан қарайтын
болсақ, қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда оның
ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік кеңістігін өздерінің рухани
кітапханаларында сақтап қалған. Сонымен қатар жырауларымыздың
философиясының мазмұнын зерделеген сайын, сол дәуірде ел, жеке адам, жер
тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойланған зиялы адам бейнесі де көз
алдымызға келіп отырады. Жырау феномені арқылы дүниетанымдық өрісін
кеңейтіп, рухани тереңдігін сақтап келген қазақ философиясының болмыс
бітімі де байыппен қараған адамға күрделі құбылыс ақиқатын танытары сөзсіз.
Бұның ішінде көзге бірінші көрінетін нәрсе «ұлттық рух», «ұлттық идея»,
«ұлттық мүдде», «ұлттық зиялылық» ұғымдарының бірінің мәнін бірі
толықтырып және адам болмысының рухани ерекшеліктерін зерттеуде үлкен
тарихи тәжірибе мен білім көзіне айналып отыратындығы.
Жыраудың ханға айтқан тура сөзі кім-кімге де зиялы кеңес. Бұл ұлт
интеллектуалының қалыптасуының тарихи мысалы. Қай елдің философиясы
болмасын, олардың ұлттық идеялық негізде қалыптасуына себеп болған ұлттық
поэзия. Даналықтың өзі рухтан туған ой. Жекелеген адамдардың ұлттық
өнерінің бойында бар идеялар, халықтың ішінен зиялылардың ел алдына
шығуына, елге кәсіби білім бағытында қызмет етуіне жетекші болғандығы
көпшілікке аян. Сол сияқты «жыр рухына» кездейсоқ қарау мүмкін емес,
129
әсіресе қазақ елі үшін жыр ұлттық идеяның терең арнасы. Ел мүдесіне, ұрпақ
игілігіне ауадай қажет барлық құндылықтарды сақтап, реттеп, бірі өмір сүру
үшін бірінің қажеттілігін сақтап, оны тұтастай ұлттық рухтың қуатына
айналдырып отырған осы жыраулар дүниесі. Жыр бейнелі ой, білімді сөз,
зерделі түсінік, саналы өмір, кісілік қасиеттердің өрісі, тұлғалық көзқарас,
сезімталдық, ұлы мақсат, ұлттық мұрат. Осы құндылықтардың танымдық
негіздері, құндылықтың бағдары жыраулар даналығының негізгі тақырыбы.
Өзінің экзистенциалдық идеяларымен «Асан Қайғы» атанған ғұлама,
бүгінгі ұрпаққа кісіліктің үлгісін қалдырып отыр. Асан қайғыдан бастау алған
жыраулар философиясының феномені ұлттық санамыздың ішінде, олардың
елдің қоныстануы жөніндегі идеяларының маңыздылығы арқылы сақталып
қала бермек. Олардың ұғымында елді сақтау үшін, жерді дұрыс пайдалана білу
қажет. Жер ұрпаққа мұра боп қалу үшін онда елдің қоныстануы қажет және де
халықтың шаруашылығы еркін дамуы қажет. Ұлттық қажеттіліктерді жүзеге
асыру мәселесіне теориялық жағынан терең мән берген қазақ жырауларының
идеялары, дәстүрлі қазақ қоғамының сонау көне түркілерден бері қалыптасқан
болмысының бұзылмауына ықпал етті. Тарихтан белгілі жерді, елді қорғау
халқыңа адал болу ұрпақтың азаматтылығына тәуелді. Бір елдің өркениеттілігін
мойындау үшін де, алдымен сол ел жұртының өркениеттілкке қалай қол
жеткізгендігін білу қажет. Демек елдің өркениеттілігі түсінігі, сол қоғамдағы
азаматтық мүмкіндік туралы идеяның жүзеге асу деңгейін салмақтай түспек.
Әр адамның қоғамда ұлт өкілі орнында өмір сүруіне бағыт-бағдар беретін
өз табиғаты бар. Ол не нәрсе? Жырауларымыздың идеяларына сүйенсек, адам
бойындағы тектіліктің болуы үшін интеллектуалдық орта қалыптасуы қажет.
«Жалғыз ағаш орман емес, сол секілді жалғыз адамда тегістей елге қорған
емес» — деген билер даналығындағы өсиет осы шындықтан қалса керек. Адам
зиялылыққа қол жеткізуі үшін, оның алдымен өз рухына қамқор болатын
бойындағы қасиеттердің көзін ашуы қажет.
Жыр да, оның иесі жырау да бір ғасырда қалыптасып, рухы биік шоғыры
мен бір уақытта жойылатын зат емес. Жыр ұлттық идеяның өскен үлкен
бәйтерегі, ұлттық рухтың қалың орманы. Сол себептен жырдың рухына ұрпақ
рухы жақын келсе ол қайтадан күшіне енбек. Бұны не себептен айтып
отырмыз? Қазақ жырауларының философиясы олардың ұлттық идея
тұрғысындағы даналығы, ұлттық мүдде тұрғысындағы қызметтерінің тарихи
кеңістігі негізінде әлі толықтай зерттеліп болған жоқ. Жыраулардың
философиясының феноменін ашу-бұл қазақ идеясының тарихи қалыптасу
негіздерін жарыққа шығару мен тең. Себебі жырау даналығы — тарихи із.
Жырауларымыздың «Ел-Жұрт» идеясының мақсаты ұрпақ санасында
қазақтың әлеуметтік өмір этикасы мен эстетикасының болмысын сақтап отыру.
Осы бағытта қазақ жырауларының тағы бір бағыттағы ой толғамдары ұлттық
мүддеге бағытталды.
Ел деніміз ұлттың тамыры қалыптасып, халықтың бірлікте, еркіндікте өмір
сүріп жатқан ортасы. Елдің бейнесі бейбіт, тынысы ұлттық кәсіп, рухани өмірі
бірлік, елдік қарым-қатынасы. Ел сонынмен қатар ердің ұясы, негізі, тірек
130
ететін негізгі қуаты. Жұрт деген ұғымға келетін болсақ, қазақ халқы өзінің ата
мекенін айналып көшіп жүре бермеген, қазақ отырықшы да халық. Оның
себебін «жұрт» түсінігінен байқауға болады. Адамның өрісі ел дейтін болсақ,
оның дүниеге келіп, өсіп өнген шағы, аяқтанған кезі бұның барлығы елдің
рухымен де тығыз байланысты. Ата мекен жердің аумағы тарылып, ел азайған
шақта ұлттың жойылмауына оң ықпалын тигізетін нәрсе бұл әрине туған жерге
теген түсінік. Қазтуған жыраудың «ел-жұрт» толғауының экзистенциалдық
идеяға айналып отырған себебі осында. Яғни «жұрт» елдің, ердің тарихи ізі,
санада сақталатын бейне, адамды елдікке бастайтын білім.
Қазақ ұлты жердің қадірін оның құнарымен бағалаған, жердің құнарының
адамға берер қуатын философиялық деңгейде пайымдаған. Жыраулар
философиясындағы жердің құнары туралы ой толғамдар ұлттық рухты
көтерудің мәселесіне де айналған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ жыраулары
поэзия өнерінің ғана емес, ел тұрымысының болмыс бітімін ғылыми негізде
пайымдай білген, ұлт экономикасын жетілдірудің техникасы мен
технологиясын жобалаған ғұламар.
Философияда дамудың ішкі заңдылықтардын, әрбір құбылыстың жоғарғы
деңгейдегі көрінісін, әр нәрсенің сапасын белгілейтін «мән» ұғымы. Мәнсіз
құбылыс жоқ, құбылыс алдымен адам танымында қалатын, өмір сүріп
отыратын білім болғандықтан, оның өмір сүруі, яғни құндылығы мән. Мәннің
өмір сүруі немесе мәнді ұғыну және мәнге қол жеткізу үшін алдымен нәрсенің
өлшемін анықтай білу қажет. Жыраулардың идеясы негізінен әр бір
құбылыстың ақиқатын тану үшін, құндылыққа қол жеткізу мақсатында беріліп
отырған өлшем.
Кімнің жақсы жаманын
Бір жаратқан хақ білер.
Адамзаттың белгілі
Бұл дүниеден өтері,
Өлгеннен соң белгілі
Тірлік бір жауап бітері.
Бұл айтқан сөз, құрбылар,
Бір күні болар керегі.
Басты бір аяқ қылады
Бір алланың шебері.
Бақытты жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар,
Әлемнен озған ала аяқ
Озып бір кетсе ойқастар – деп айтып кеткен Шал ақынның өсиеті заманнан
қалған емес. Себебі айтылған ойдың тамыры жырау танымында жатқаны мен,
шындығы әр ғасырдың рухани өмірінің болмысымен орайлас келіп отыр. Ой
өсиетке, өсиет идеяға, идея шындыққа айналмаса ұлттық рухтағы
философияның өмір сүруі мүмкін емес. Жырау идеясы әлеуметтік мәселелерге
бағытталуында ғана емес, адамның, халықтың қажеттіктері тұрғысында
көтерілген мәселелерге парасат бигінен қарап, әр бір құбылыстың мәнін
131
зерделеп, оның тағдырын терең пайымдап, адамзатқа игілік әкелетін нәрселерді
көрсетіп беруінде.
Қазақ идеясының экзистенциалдық мәнін ашатын ұғым бұл көңіл
феномені. Көңіл деген өте нәзік, кіршең, обыр келетін, жақсылыққа қарай
бағыттасаң адамға рух беретін, ал ойдың көмескі жағына бұрсаң, түсінігіңді,
біліміңді тұмшалап тастайтын адам баласының жан әлемінің бір бөлігі. Қазақ
идеясы көңілдің интеллектісіне, құбылысына, рухына, қасиетіне аса мән берген.
Көңіл азығы, ақыл қазығы деген не нәрсе? — деген сауалға терең жауап іздеген
философия осы жыраулар даналығы. Көңілдің, ақылдың негізі-деген Бұқар
жырау,- адамның тілеу қорлығында. Адамға жаратылысынан берілген
құндылықтар бар. Сол құндылықты өзінің рухани өміріне бағыттау, иеленуі,
сол құндылықтар арқылы рухани өмірдің қырына шығуы адам баласының ішкі
көңіл рухы арқылы мүмкін болатын нәрселдер. Адамның рухани өмірі теріс
пиғылдармен кемелденбейді, көңілдің рухымен рухани өмірдің мағынасы пайда
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |