Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет98/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

В.С.Соловьев 
(1853-1900 
жж.) 
діни 
орыс 
философиясының,  білімнің  біртұтастығы  мен  бүтіндігі 
туралы  идеяның  негізін  қалаушы,  орыстың  корнекті 
христиандық  философы.  В.С.Соловьев  философиясы  діни 
философиялық  дәстүрдің  бүкіл  рухы  мен  кейпін  білдіреді. 
Көптеген 
ірі 
философтар 
өздерін 
В.С.Соловьевтің 
ізбасарлары  ретінде  санайды.  Соловьев  дәуіріне  Трубецкой 
шығармашылығын,  Флоренский  мен  Бердяевтің  ерте 
шығармашылығын 
жатқызуға 
болады. 
В.С.Соловьев 
адамның  діни  және  әлеуметтік  өмірі  сұраныстарын  біртұтастыққа 
байланыстыратын  бүтіндей  дүниетанымдық  жүйені  құруға  тырысты. 
Соловьевтің  ойы  бойынша  мұндай  дүниетаным  негізі  христиандық  болып 
табылады.  Соловьевке  дейінгі  және  кейінгі  діни  ойшылдар  да  бұл  идеяны 
айтқанымен,  бүл  дүниетанымның  негізі  ретінде  тек  бір  христиандық 
концессияны ғана (православие, католицизм немесе протестантизм) қалап алды. 
Соловьев  тәсілінің  ерекшелігі,  ол  барлық  христиандық  концессияларды 
біріктіруді жақтады. Сондықтан оның ілімі тар бағытта емес, концессияаралық 
сипат алды.  
Соловьевтің  тағы  бір  маңызды  ерекшелігі,  христиандық  дүниетанымға 
жаратылыстанудың  соңғы  жаңа  жетістіктерін  енгізіп,  ғылым  мен  дінді 
жинақтауға  ұмтылуымен  сипатталады.  Соловьев  философиясының  негізгі 
идеясы – жалпы тұтастық идеясы. Бүл идеяны дайындауда славянофильдердің 
соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына 
береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені 
төменгі  үнемі  жоғарыға  тартылып  отырса,  ал  әрбір  жоғары  өзіне  теменгіні 
«енгізеді».  Соловьевте  жалпы  тұтастық,  «құдайдың  қасиетті  Үштігі  барлық 


121 
 
құдіретті  жаратылыстармен,  оның  ішінде  ең  бастысы  адаммен  байланысты» 
деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда 
барлығы  біртұтас».  Жалпы  тұтастық  –  бұл  ең  алдымен  жаратушы  мен 
жаратылыс  тұтастығы.  Қоршаған  әлем  тек  бір  құдіретті  суреткердің 
шығармашылық  еркінен  туындайтын  жетілген  туынды  ретінде  қарастырыла 
алмайды.  Құдайды  дұрыс  түсіну  үшін  оның  абсолюттік  мәнін  ұғыну  аз, 
сонымен  қатар  оның  ішкі  қайшылығын  да  қабылдау  қажет.  «Барлығы  болу 
үшін  абсолюттік  көп  нәрсені  талап  етеді».  Бүл  -  қоршаған  әлем  туралы 
Соловьевтің пікірі.  
Соловьев  болмыстың  диалектикалық  тәсілін  қолдады.  Оның  пікірінше 
шындықты  қатып  қалған  формасында  қарастыруға  болмайды.  Барлық 
тіршіліктің  ең  жалпы  белгісі  өзгерістердің  алмасуымен  сипатталады. 
Болмыстың үздіксіз динамикасын негіздеу үшін ол белсенді идеялармен қатар 
әлемдегі  барлық  өзгерістердің  субъекті  түрінде  көрінетін  әлемдік  жан  деген 
белсенді  бастауды  енгізеді.  Бірақ  ол  өз  алдына  дербес  әрекет  етпейді,  бұл 
әрекет  қүдайдың  құдіретін  керек  етеді.  Бұл  құдірет  Құдайдың  әлемдік  жанға, 
оның  барлық  әрекетін  анықтаушы  форма  ретіндегі  жалпы  тұтастық  идеясын 
беруінен көрінеді. Соловьев жүйесіндегі бұл мәңгілік идеясы София – даналық 
атауын  алды.  София  –  Соловьев  жүйесіндегі  негізгі  ұғым.  Сондықтан  оның 
ілімі софиология деп аталады. София үғымын енгізгенде Соловьев бүл әлемнің 
тек Құдайдың ғана жаратылысы емес екендігін айтқысы келеді. Әлемнің негізі 
мен  мәні  Құдайға,  әлемге  және  адамға  жалпылық  беретін  жаратушы  мен 
жаратылыс  арасын  байланыстырушы  буын  ретінде  қарастырылатын  «Әлемдік 
жан»  -  София  болып  табылады.  Құдайдың,  әлемнің  және  адамның  жақындасу 
тетігі  Соловъевтің  философиялық  ілімінде  құдай  адам  концепциясы  арқылы 
ашылады.  Құдай  адамның  нақты  және  толысқан  үлгісі  ретінде  христиандық 
догма  бойынша  әрі  толық  адам  болып  саналатын  Иисус  Христос  болып 
табылады.  Оның  бейнесі  әрбір  индивидтің  ұмтылуы  тиіс  идеалы  ғана  емес, 
бүкіл тарихи үрдіс дамуының жоғарғы мақсаты болып табылады. Соловьевтің 
тарихы, Софиясы осы мақсатқа негізделеді. Бүкіл тарихи үрдістің мақсаты мен 
мәні адамзаттың рухтануы, адам мен құдайдың бірігуі, құдай адамның кейпіне 
ену болып табылады. Құдіретті әлем туралы Соловьевтің ойы мынадай: Киелі 
құдіретті  әлем  –  бұл  ең  нағыз  шындық  әлем,  бұл  әлем  бүкіл  дүниенің 
ұмтылатын  идеалды  тұтастығы.  Құдаймен  сәйкес  келетін  ақиқаттың  өзі. 
Шынайы  болмысқа  заттай  болмыс  қарсы  келеді.  Әлемдік  үрдістің  міндеті 
табиғи  болмысты  идеялардың  жалпы  тұтастығына  және 
шынайы, 
құдіретті 
болмысқа 
сәйкес 
келтірумен 
сипатталады.
 
Ресей  есімі  әлемге  танымал  болған,  орыстың  діни 
философиясының 
дамуына 
өлшеусіз 
үлес 
қосқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет