3.2 Көлік шуылы ықпалының тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалаудың тәртібі Қауіп-қатерді талдаудың мақсаты қауіп-қатерді жою немесе төмендетудің нақты әрі оңтайлы жолдарын таңдау болып табылады.
Қауіп идентификациясының кезеңдері «мөлшер-жауап» қауіптілігін бағалау кезеңімен тығыз байланысты (химиялық заттар қауіптілігінің сандық көрсеткішін анықтау) және экспозицияны бағалау кезеңдерінсіз, шуыл деңгейі туралы мәліметтерді талдау мүмкін емес. Бұл кезең қауіп-қатерді бағалаудың шешуші кезеңі болып табылады.
Жүргізілетін зерттеулердің мақсаты мен міндеттерін және олардың материалдық қамтамасыз етілуін, факторлар туралы ақпараттық болуын, олардың адам денсаулығына ықпалы туралы мәліметтердің қолжетімділігін ескере отырып, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, қорытынды шешімдер мен ұсыныстардың дұрыстығы, толықтығына ықпал ететін жайттар айқындалады.
Нақты міндеттерді анықтау үшін және санитариялық-гигиеналық жағдаяттарды шапшаң бағалау үшін зерттеу барысында шектелген мәлісеттерді алу және алынған мәліметтер негізінде қауіп-қатердің алдын ала скринингтің бағалауын өткізген жөн. мұндай жағдайда қауіп-қатерді есептеу өмір бойы барынша ластанған ауаның ықпалына тап болған индивидтың –гипотетикалық адамның барынша экспонирленуіне соқтырады. Әдетте адамға ықпал ететін барынша консервативтік сценарий алынады.
Қауіп-қатердің көлемін туралы алынған мәліметтерді идентификациялау барысында оның деңгейі қажетте деңгейден аспаған жағдайда және ықпал ету факторының денгейі адам өміріне қауіптілік төндірмесе, онда зерттеуді әрі қарай жүргізудің қажеті жоқ.
Қауіп-қатерді бағалау бойынша зерттеу жүргізу үш негізгі формада жүргізілуі мүмкін:
1.Ретроперспективті зерттеу – өткен жылдадағы шуылдың ықпалынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау;
2. Көлденең кесінді – қауіп-қатердің ағымдағы бақылауы. Мәселені қазіргі кезде зерделеу.
3. Проспективтік зерттеу – ұзақ мерзімді және динамикалық зерттеу, мұнда болжамдар қажет, мұнда шуылдың белгілі бір уақытта ықпал етуі кезеңіндегі шуылдың осы мезеттегі әсері зерделенеді [15].
Адам ағзасына шуылдың әсер ету деңгейін анықтауға зерттеу жүргізу барысында эмпирикалық Вебер-Фехнер психифизикалық заңы қолданылады, бұған сәйкес қоздырғыштардың қарқындылық логарифмы тепе-тең сезім, яғни, дыбыс қысымының деңгейінің қарқындылығын бағамдаймыз.
Экспозицияның сандық сипаттамасы үшін біріншіден, шуылдың ықпалының ұзақтығын және қарқындылығын ескеру қажет.