51
3)
Миопластика –
ауыздың айналмалы бұлшықеті мен мұрын негізі бұлшықеті
талшықтарын дұрыс орнына жылжыту, олардың бүтіндігін қалпына келтіру.
4)
Вестибулопластика –
ауыздың жоғарғы кіреберісінің
жеткілікті тереңдігін
жасауды оның бүкіл көлемінде іске асыру.
Іштен туған жырық таңдайды хирургиялық емдеудің мақсаты:
1)
Фиссурорафия –
таңдайдың кемістігін жөндеу.
2)
Ретротранспозиция –
таңдайдың жұмсақтіндік қабаттарын артқа жылжыту
3)
Миопластика –
жұмсақ таңдай бұлшықеттері талшықтарын дұрыс орнына
жылжыту, олардың бүтіндігін қалпына келтіру.
4)
Интраламинарлық остеотомия мен мезофарингоконстрикция сияқты аса
жарақаттаушы элементтерден аулақ болу.
Жоғарғы ерін немесе таңдайға жасалатын реконструкциялық (қайта құру)
операцияларының мақсаттары: хейлопластикадан кейін
жоғарғы ерін мен мұрынның
тыртықтық өзгерістерін кетіру, эстетикалық түрді келтіру, таңдайдың ақаулары мен
өзгерістерін келтіру, сөз сөйлеуді дұрыстау.
Достарыңызбен бөлісу: