Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Бет іріңдіктері кезінде бетке тіліктер жасау



Pdf көрінісі
бет36/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
 
Бет іріңдіктері кезінде бетке тіліктер жасау
. Мұндай кесу тіліктері беттің табиғи 


52 
қатпарлары мен әжімдерінің бағытына сәйкес және бет нервінің клиникалық
-
анатомиялық ерекшеліктері мен оның тармақтарының бетте орналасу топографиясын 
есепке ала отырып, радиалды бағытта сыртқы есту жолының тесігінен
самай аймағына 
қарай, бетсүйек доғасының бойымен, мұрын желбезегі, ауыз бұрышына, төменгі 
жақсүйек бұрышына және оның қыры арқылы шашыраңқы бағытталып жүргізіледі
(14-
сурет)

Паротит салдарынан асқынған, ұрттың шайнау бұлшықеті маңайындағы 
флегмоналар құлақ қалқанының сырғалығынан ауыздың бұрышына қарай бағытта 
жүргізілетін көлденең тілік арқылы ашылады. Тері тілігі бет нервінің тармақтары 
арасымен өтеді, тек өте сирек жағдайда нервтік тармақтар зақымдануы мүмкін.
Жақсүйек маңының, ұрттық май кесегімен қосарласқан флегмоналарын кесіп ашу 
мұрын желбезегінен 2
-
3см сыртқары басталып, құлақ сырғалығына қарай бағытталған 
ұзындығы шамамен 4
-
5см болатын тілік арқылы іске асырылады. Теріні тілгенде, оны 
тым терең жасауға болмайды, себебі сол аймақтағы бет венасы
мен құлақ маңы сілекей 
безінің түтігін кесіп жіберу қаупі бар. Жақсүйек маңы флегмоналарын ашуда ең 
қолайлысы ауыз қуысы кіреберісінің кілегей қабығын ұрт
-
жақсүйектік қатпар бойымен 
тіліп ашу болып табылады.
Төменгі жақсүйек арты (ретромандибулалық) флегмоналарын ашу үшін төменгі 
жақсүйек бұрышына жақын тері мен астындағы фасцияны тілу ұсынылады, одан әрі 
тереңдеу тек саусақ көмегімен ғана жүргізіледі. Мұндай тілік жасалғанда, бет нервінің 
(r.colli) тармағы кесіліп кетеді, бірақ одан келетін зияндық аса айтарлықтай емес.
 
Құлақ маңы безіне жасалатын операциялық әрекеттер
Бұл безге және оның айналасына операциялық әрекеттер жүргізу, оның 
топографиялық 

анатомиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты қиыншылықтар 
туғызады. Бездің өзі көптеген бөлшектерден тұрады. Беткей орналасқан үлкендеу бөлігі, 
тар саңылау арқылы тереңдегі бөлігімен жалғасып жатады. Сыртын өте жақсы дамыған 
фасция қоршап тұрады және сол фасция безді ұсақ көпсанды бөлшектерге бөледі. Бездің 
тереңдегі дәнекер тіндік шұңқыры ішімен бет нерві өтеді, ол бездің беткей және терең 
бөлігі арасында тармақтарға бөлінеді
(14-
сурет)

Құлақ маңы безіне жасалатын барлық операциялар түрінде ең басты мәселе бет 
нервін зақымдап алмау, себебі оның зақымдануын ымдау бұлшықеттерінің параличіне, 
оның нәтижесінде
бет
-
әлпеттің қисаюына алып келеді. Сондықтан, құлақ маңы безіне 
операция жасау тіліктері, бет нервінің басты бөлігіне және оның тармақтарына барынша 
зиян келтірмейтін етіп жүргізулуі аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет