49
арқылы қауіпсіз (Шипо) үшбұрышы көлемінде емізік тәрізді өсіндінің сыртқы бетін
сындырып, оның ұяшықтарын ашады. Қашаумен ұяшықтарды алып тастай отырып, алға
және шамалы ішке қарай жылжи келе, ең үлкен ұяға дейін жетеді (antrum mastoideum).
Мұнда қашаудың бағытын өте қатаң бақылау қажет,
себебі біріншіден бет нервісін
зақымдаудан аулақ болу маңызды, оның өзегі Шипо үшбұрышынан алға, ішке және
төмен қарай орналасқан, екіншіден сигма тәрізді веналық синусты ашып алу қаупі бар,
оның проекциясы үшбұрыштың артқы қабырғасына және antrum mastoideum аймағына
жанаса өтеді. Ең үлкен ұя (антрум) емізік тәрізді өсіндінің сыртқы бетінен 1,5
-
2см
тереңірек жатады, ол үлкен тесік арқылы дабыл қуысының жоғарғы этажымен
байланысады, бұл Шипо үшбұрышының жоғарғы шекарасы болып табылады.
Үшіншіден, үшбұрыштың
жоғарғы шекарасымен тереңірек бассүйек қуысының ортаңғы
шұңқыры жақын жататынын ескеру керек, оған трепанация кезінде инфекция кіргізіп алу
өте қауіпті. Сонымен, қашау нәтижесінде Шипо үшбұрышы аумағында жасалған
трепанациялық қуыстық қабырғаларын Фолькман өткір қасықшасымен қырып
тазалайды. Патологиялық өзгерістерге ұшыраған тіндерді (ірің, грануляциялар т.б.) алып
тастайды да, қуысты құрғатып, дренаж қояды. Теріге жекелеген тігістер салады.
Достарыңызбен бөлісу: