Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Тістерден жарақаттанғанда тілге тігістер салу



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

 
Тістерден жарақаттанғанда тілге тігістер салу
 
Тағам шайнау кезінде, жығылғанда немесе
эпилепсиялық талма уақытында тіл екі 
қатар тістер арасында қалып қалуы мүмкін, бұл тілдің терең жарақаттануына алып 
келеді. Тілді тістеп алу қатты ауырумен қатар, өте күшті қан кетумен сипатталады. 
Ауқымды қан кетуді тоқтату, тек қана сенімді жасалған тігу арқылы іске асырылады. Тіл 
жарақатына хирургиялық әрекет жергілікті ауырсындырмау тәсілімен жасалады. Тілдің 
зақымданған жерін ксилокаинмен сүртіп және шашыратып өңдеген соң, 
инфильтрациялық анестезия жасайды. Тілдің үлкен көлемде жарақаттануына 
байланысты жасалатын операцияны ойдағыдай қамтамасыз ету мақсатында тіл нервінің 
жұмысын өткізгіштік анестезия арқылы уақытша тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін.
Аталған нервті ауыз қуысы ішінде төменгі жақсүйек бұрышы тұсында, оның 
орталық сызығына шамалы жақындау және артқа таман төменгі жақсүйек ұяшықтың 
нервінің (n.alveolaris mandibulae) жанынан табуға болады.


57 
Анестезия жасалған сәттен бірнеше минут өткенде тіл жарасына тігістер салуға 
кіріседі. Тігістер тіл тіндеріне тереңдеп, жараның түбін қоса, сонымен қатар, тіл 
жарақатының барлық екі жақты беттерін тұтас бір
-
біріне тығыз жанастыратындай етіп 
салыну керек. Бірнеше күннен соң, тігістерді алып тастауға болады.
 
Жоғарғы жақсүйек қойнауына жасалатын операциялар
 
Аталған қойнаудағы қабыну үдерістері ағымының ерекшеліктері біраз жағдайда 
жоғарғы жақсүйек қойнауының топографиясы мен ауа сиымдылығы (пневматизация) 
мөлшерінің дәрежесіне байланысты болады.
Пневматизацияның мынадай типтерін ажыратады:
-
пневмалық (бұндай типке қойнаудың едәуір көлемді болуы және сүйектік 
қабырғасының жұқа болуы тән).
-
склероздық (бұл типте қойнаудың ішкі көлемі кіші және сүйектің қабырғасы қалың 
болады, бұл жағдай операцияның әрекеттер кезінде едәуір қиындықтар туғызады).
Жоғарғы жақсүйек қойнауына пункция жасау. Қойнауға пункцияны жуан 
пункциялық инемен мұрынның төменгі кеуілжірінің астынан, оның алдыңғы шетінен 
артқа қарай 1
-
1,5см шегініңкіреп тесу арқылы жасайды. Манипуляция дұрыс жүргізілген 
кезде, хирург иненің қойнауға «күмп етіп түсу» сезімін байқайды.
Одонтогендік гайморитті емдеу. Жіті одонтогендік гайморит диагнозы қойылған 
жағдайда, жоғарғы жақсүйек қуысынан қабыну сұйықтығының ағып шығуын 
қамтамасыз ету үшін жасалатын әрекеттер:
-
иілген троакар көмегімен қойнаудың бүйірлік қабырғасын мұрынның төменгі 
жолы шегінде тесу.
-
жоғары жақсүйек қуысының алдыңғы қабырғасына иттіс шұңқыры (fossa canina) 
тұсында трепанация жасау.
Колдуэлл –
Люк тәсілімен жоғарғы жақсүйек қойнауына трепанация жасау.
Тәсіл нәтижесі:
-
қойнауды көзбен шолуға,
-
керек жағдайда кілегей қабықты қырын тазалауға,
-
жаңа өспелерды алып тастауға –
мүмкіндіктер береді.
Операцияның негізгі кезеңдері:

қойнаудың алдыңғы бүйірлік қабырғасын резекциялау,

қойнау ішінен іріңді, кілегей қабық полиптерін алып тастау,

қойнау мен мұрынның төменгі жолы арасында ағымдық саға жасау.
Операцияға көрсетілімдер:
-
консервативті емдеуге келмейтін, қойнаудың созылмалы іріңдік қабынуы
-
әртүрлі жаңа өспелер (ісіктер)
Құрал –
саймандар:
-
жалпы хирургиялық,
-
қашауыш
-
қашау
-
тескіш
-
балғаша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет