Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Операциялық бару жолы
. Жоғарғы ерінді ауыз қуысы кіреберісінің
ауыспалы 
қатпары бойымен жоғары қарай тартып тұрып, күрек тіс пен екінші үлкен азу тіс 
аралығында сүйекке дейін тілік жасайды.
1. Распатормен сүйек қабығын жоғары қарай иттіс шұңқыры алаңы ашылғанша 


58 
сылады, бірақ сылу көзұясы асты нервін (n.infraorbitalis) зақымдап алмайтындай, 
шектеулі болуы қажет, аталған нерв көзұя асты тесік (foramen infraorbitale) арқылы бетке 
шығады.
2. Қашауышпен немесе бұрғышамен қойнаудың алдыңғы
-
бүйірлік қабырғасын 
керекті мөлшерге дейін кеңітеді.
3. Ішіндегісінің ауыз кіреберісіне емес, мұрынның төменгі жолына ағып шығуы 
үшін Люэр қышқашымен қойнаудың алдыңғы қабырғасын алмұрт тәрізді саңылаудың 
(aper
ture pirifоrmis) шетіне дейін қырқып ашады.
4. Жарақатқа тігіс салу және гаймор қуысына тампондар қою міндетті емес.
Киллиан тәсілі бойынша маңдай қойнауына трепанация жасау
Операцияға көрсетілімдер:
-
қойнаудың іріңді қабынуы
-
бөтен текті заттардың болуы
-
кисталар
-
жаңа өсімдер (ісіктер)
Құрал саймандар:
-
жалпы хирургиялық
-
қашауыш
-
тескіш
-
қашау
-
балғаша
Операциялық бару жолы
. Алдын
-
ала мұрын қуысына тампонада жасайды (артқы 
тампонада). Терілік тілікті қастың ұзынша бойымен бастап, одан әрі медиалді бағытта 
мұрындық өсіндіге қарай бұрып, мұрын сүйегінің төменгі шетіне дейін жүргізеді 
(көзұясы асты артериялары мен нервтерін зақымданудан мүмкіндігінше сақтау қажет).
1)
Жарақаттың шеттерін тартып, көзұясының жоғарғы қырына параллелді және 
одан 5
-
7 мм
жоғарылау бағытта сүйек қабығын тіледі.
2)
Распатормен сүйек қабығын жоғары және төмен ығыстырады, бірақ арасындағы 
сүйек
-
сүйекқабығы жіңішке байланыстарын үзбеуге тырысқан жөн.
3)
Қойнаудың трепанациясын әдетте төменгі қабырғасы арқылы жүргізеді, бұл 
жақта ол алдыңғы қабырғасына қарағанда жұқалау. Созылмалы іріңді қабыну диагнозы 
нақтыланған соң, қашауыш немесе бұрғыша көмегімен қойнаудың алдыңғы қабырғасын 
ашып кеңейтеді. Қойнаудың ішіндегі сүйектік қалқашаларды бұзады да, іріңді шығарады 
және Фолькманн өткір қасығымен ішіндегі өзгеріске ұшыраған кілегей қабық пен 
грануляцияларды қырып тазалайды.
4)
Жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісін резекциялайды, бұдан соң мұрын 
қуысымен жеткілікті байланыс қуыс пайда болады. Қажет болған жағдайда, ұяшықтарды 
ашады.
5)
Маңдай қойнауына дренаж қояды да, оның ұшын танау тесігінен шығарып қояды.
6)
Жарақатқа тампондар қояды. Теріге тігістер салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет