Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

 
 
 
 
 
 
 
I. 
БАСТЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ
 
Жалпы деректер 
 
 
Шекаралары.
Бас пен мойынның арасындағы шекаралары шартты түрде төменгі 
жақ сүйектің төменгі қыры оның өрлейтін бұтағы бойымен емізік тәрізді өсіндінің 
ұшына дейін, одан әрі жоғарғы шүйде сызығы арқылы сыртқы шүйде төмпешігіне дейін 
жүргізіледі де, қарама
-
қарсы жаққа
жалғасады.
Сыртқы бағдарлары
. Бастың сүйектерін саусақтармен сипап көрген кезде көз 
ұясының қырлары, маңдай, шеке төмпелері, сыртқы шүйде төмпешігі, жоғарғы шүйде 
сызықтары, емізік тәрізді өсінділер, бетсүйек доғалары ж.б. анықталады.
Бастың аймақтары

Бастың милық және беттік бөлімдерін ажыратады. Олардың 
арасындағы шекара көз ұясының үстіңгі қыры, бетсүйек пен оның доғасы бойымен 
сыртқы есту тесігі арқылы емізік тәрізді өсіндінің ұшына дейін жүргізілетін сызық болып 
табылады. Бұл сызықтың алдында және төмен орналасқаны беттік, ал жоғары және артта 
жатқаны милық бөлім. Милық бөлімінде бассүйектің күмбезін және түбін (негізін) 
ажыратады. Бассүйектің түбінде сыртқы және ішкі беттері бар.
Бассүйектің күмбезін (1) қолмен сипап зерттеуге болатын төмендегідей аймақтарға 
бөледі: а) маңдай
-
шеке
-
шүйде аймағы, б) самай аймағы, в) емізік тәрізді өсінді аймағы. 
Бассүйектің бұдан басқа төменгі және сыртқы беттерін қолмен тексеріп қарауға 



мүмкіншілік жоқ. 
Бастың беттік (2) бөліміне төмендегі аймақтарды жатқызады
(
1-
сурет)

а) көз аймағы
б) мұрын аймағы
в) ауыз аймағы
г) иек аймағы
д) ұрт аймағы
е) шықшыт
-
шайнау аймағы
Cоңғы екеуі беттің бүйірлік аймағын құрайды, сонымен қатар бұл өңірде беттің 
бүйірлік терең аймағын ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет