Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

 
Парацентез
 
Парацентез (грекше сөзден: parakentesis –
тесу, тесік жасау; синонимі 
тимпанотомия) –
дабыл жарғағын тілу; хирургиялық практикаға ортаңғы құлақтың іріңді 
жіті қабынуында (ортаңғы отит) дабыл қуысынан экссудатты шығару мақсатында 
енгізілген. Парацентезден соң, әдетте құлақтың ауыруы жойылады, температураның 
төмендеуі және науқастың жалпы жағдайының түзелуі байқалады.
Операцияны, негізінен анестезиясыз жүргізеді. Мазасыз науқастарға рауш
-
наркоз 
беруге болады. Парацентезді найза пішіндес тік немесе доғал бұрыштап иілген инемен 
жасайды. Дабыл қуысының ішкі қабырғасын жаралаудан аулақ болу үшін инені дабыл 
жарғағына тым терең енгізуге болмайды. Тілуді дұрыс жүргізген жағдайда, әдетте 
асқынулар кездеспейді. Парацентезден кейін есту жолына мәрлілік тығын немесе мақта 
үзімін енгізеді, оны экссудатты сіңіру деңгейіне қарай айырбастап отырады. Құлақтан 
іріңдік сұйықтың шығуы тоқтаған соң жарғақтағы жарақаттың шеттері бітіп кетеді.
Ортаңғы отитті антибиотиктермен сәтті емдеуге болатындықтан, парацентез сирек 
қолданылатын болды. Кейбір дәрігерлер тіпті парацентездің қажеті жоқ деп есептеп жүр. 
Алайда, мұндай көзқараста негіз жоқ. Парацентез операциясы көрсетілген науқастарға 
оны жасамау, жіті отиттен кейін есту қабілетінің тез және тұрақты төмендеуіне алып 
келуі мүмкін.
Парацентез жасау техникасы
. Бұл кішкене операция асептика ережелерін сақтау 
жағдайында жасалуы қажет. Есту жолын механикалық жолмен тазалайды, терісін 
спиртпен сүртеді; парацентез жасайтын құрал есту жолы қабырғасына тимеу керек. 
Дабыл жарғағы өте сезімтал, сондықтан ауырсындырмау қолданған жөн. Ол үшін Бонен 
және Гордышевский қоспалары ұсынылған. Аталған сұйықтардың бірімен ылғалданған 
мақта тығынын есту жолына, айнамен бақылау арқылы дабыл жарғағына тығыз 
жанасқанға дейін енгізеді (әсіресе оның артқы бөлігіне). Тығынды 10
-
15 минут ұстайды. 
Осының нәтижесінде көп жағдайда жетерлік деңгейде анестезия іске асады. Парацентез 
жасалатын орын дабыл жарғағының ең томпайған, яғни артқы бөлігі болып табылады. 
Парацентез жасайтын құрал –
екі жақты өткір найзапішінді пышақ (парацентездік ине). 
Парацентез техникасы. Маңдайлық рефлектордың өте жақсы жарығын қолдана отырып, 


50 
сол қолмен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартады; есту жолына мүмкіндігінше 
кеңдеу құйғы енгізіп, барынша дабыл жарғағына жарық түсіреді. Науқастың басын 
көмекші хирург берік ұстайды. Парацентездік инені оң қолға ұстап, есту жолы 
қабырғасына тигізбей, дабыл жарғағының белгіленген бөлігіне дейін жеткізіп, бірден 
тесіп, төменнен жоғары бағытта оның артқы бөлігінің бойымен тілік жасайды. Тілік 
жасау кезінде, ине тығыз ортадан өтіп, бос қуысқа түскендей сезім болуы қажет. Тіліктің 
төменнен жоғары бағытта жасалуының тиімділігі: біріншіден неғұрлым ұзындау тілік 
жасау мүмкіндігі, екіншіден жарадан шығатын қан операциялық алаңды тасаламай, 
төмен кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет