54
Сасық иісті түйіршік аралас ірің шығып болған соң, тілік арқылы дренаждық түтікшені
кіргізеді. Абсцесс қуысын, физиологиялық ерітіндімен катетер көмегімен күнделікті жуу
арқылы жазылу жағдайын тездетуге болады.
Кішкентай балаларда, ауыз қуысының тазалығын сақтау нашар болса, іріңді паротит
пайда болуы мүмкін. Мұндай абсцестер сырты есту жолының алдыңғы қабырғасының
томпайып ісіп, соңынан жарылуы нәтижесінде сыртқы құлақ жолына ашылып, іріңнің өз
бетімен сыртқа шығуы байқалады. Егер ірің шығатын абсцесс тесігі тым кішкентай
болса, онда жеңіл наркоз беріп, тесікті кеңейтеді. Сыртқы құлақ жанында кеңейтілген
тесік арқылы ағын жеткілікті болады да, абсцесс жойылады, жара орны бірнеше күнде
жазылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: