Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


ІІІ. МОЙЫННЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

 
ІІІ. МОЙЫННЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ 
ХИРУРГИЯСЫ
 
 
МОЙЫННЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ
 
 
Жалпы деректер
 
 
Шекаралары. Мойынды шартты түрде омыртқалардың көлденең өсінділері арқылы 
өткізілетін фронталды кеңістік арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. 
Алдыңғы бөлімінде тіршілікке маңызды «мойынның ішкі ағзалары» орналасқан, ал 
артқы («желке» деп аталатын) бөлімінде, негізінен бұлшықеттер жатады.
Жоғарғы шекарасы, бастың төменгі шегіне сәйкес, иек астынан төменгі жақсүйектің 
астыңғы шетімен оның бұрышына дейін және оның бұтағынан сыртқы есту тесігі 
арқылы
емізік тәрізді өсіндінің ұшына дейін, одан әрі жоғарғы желкелік сызықпен 
сыртқы шүйделік төмпеге дейін, әрі қарай қарама
-
қарсы жағына жалғасады. Төменгі 
шекарасы төссүйектің мойындырық ойығынан басталып, бұғана бойымен жауырынның 
акромиондық өсіндісіне дейін, әрі қарай жетінші мойын омыртқаның қылқанды 
өсіндісімен жалғастыратын сызық бойымен өтеді.
Мойынның сыртқы бағдарлары мен проекциялары пациенттерді тексеру кезінде 
бірқатар кезек күттірмейтін медициналық шараларды орындау барысында қолданылады. 
Мойын шекаралары құрамында белгіленген сүйектік құрылымдардың бәрі жақсы 
анықталады. Төменгі жақсүйек астында жақ асты сілекей бездерін және үлкейген 
жағдайда лимфа түйіндерін сипап табуға болады. Бұлшықетті және арықтау адамдарда 


72 
төс
-
бұғана
-
емізіктік бұлшықеттері тері астынан анық көрініп тұрады, бұлардың алдыңғы 
шеттері бойымен жалпы ұйқы артерияларының соғуын анықтайды, ал осы 
бұлшықеттердің артқы орта бөлігін сыртқы мойындырық веналары қиғаштау қиып өтеді.
Аталған веналар терісі жұқа адамдарда, әсіресе жөтелгенде немесе тыныс алуды 
қысқа ғана тежегенде көрініп тұрады, әрі төменгі жақсүйектің бұрышынан бұғананың 
ортасына бағытталған қиғаш сызық бойымен өтеді.
Саусақпен сипау арқылы вагосимпатикалық блокада жасау кезінде бағдарлау ролін 
атқаратын тіласты сүйегінің денесін анықтауға болады. Тіласты сүйегінен төмендеу 
көмекейдің қалқанша тәрізді шеміршек табақшаларының түйіскен жері шығыңқыланып 
анық білініп тұрады –
ер адамдарда «көмекей шодыры» деп аталады. Қалқанша 
шеміршек табақшаларының алдыңғы бетінің орта тұсында дыбыс саңылауы 
проекцияланады. Аталған шеміршектен төменірек сақина тәрізді шеміршек, одан әрі 
кеңірдек сақиналары орналасқан. Қалқанша шеміршек пен сақина тәрізді шеміршектің 
доғасы аралығында қалқанша
-
сақиналық байламға сәйкес келетін кішкене ойықша жерді 
саусақпен сипап табуға болады, бұл шұңқырша арқылы шұғыл жағдайда көмейді ашуға 
мүмкіншілік бар. Сақина тәрізді шеміршектен төмен қарай төссүйектің мойындырық 
ойығына дейін жүргізілетін ортаңғы сызық бойымен кеңірдек, ал одан тереңірек және 
солға таман өңеш проекцияланады. Төс
-
бұғана
-
емізіктік бұлшықеттің алдыңғы шеті мен 
сақина тәрізді шеміршектің деңгейі сәйкес келетін жерде тереңде алтыншы мойын
омыртқаның көлденең өсіндісіндегі ұйқы төмпешігін саусақпен сипап табуға болады. 
Бұл төмпешікке жалпы ұйқы артериясын оның тармақтарынан қан кетуді уақытша 
тоқтату үшін, саусақпен басып қысу қолданылады. Төс
-
бұғана
-
емізіктік бұлшықеттің 
артқы шетінің ортаңғы және төменгі үштік бөлігінің ортасынан бұғананың ортасына 
дейін жүргізілетін сызық бойымен иық нерв өрімі анықталады. Осы сызықты бағдарға 
алып, бұғанадан 2 см жоғары нүктеде иық өрімінің анестезиясын жасайды. Бұғананың 
медиалді жартысының үстінен 3
-
5 см шамасында плевра күмбезі мен өкпенің жоғарғы 
ұшы орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет