71
14.
Бет венасы, оның жалғасы бұрыштық вена көз бұрышы аймағында көзұя
веналарымен анастомоз жасайды, олар бассүйек іші веналар құрамына кіріп, қуысты
веналық синуспен байланысады. Бет венасының фурункул ісігінен қысылуына
байланысты қан ағымының кері бағытта (жоғары қарай) жүруіне байланысты қуысты
синустың тромбозына алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ішкі ұйқы артериясының
зақымдануы мен тіпті ми абсцесіне асқынып кетуі мүмкін.
15.
Ауыр жарақаттану нәтижесінде жоғарғы жақсүйек артериясы зақымданған. Одан
қан тоқтату қиындыққа соққан жағдайда, сыртқы ұйқы артериясын байлауға тура келеді.
16.
Оң жақ құлақ маңы
-
шайнау аймағының флегмонасы. Инфекциялық көздері:
құлақ маңы сілекей безі, төменгі жақсүйек тістері, беттің терең аймағының майлы тіні
(шелмайы), дабыл қуысы. Іріңдік инфекцияның таралу жолдарына жататындар: беттің
тереңгі кеңістіктеріне, сыртқы есту жолына, ұрт аймағы мен ауыз қуысы кіреберісіне.
17.
Инфекцияланған экссудат жоғарғы жақсүйек (Гаймор) қойнауынан ортаңғы
мұрын жолына, көзұя қуысына, жоғарғы жақсүйектің альвеолярлық өсіндісіндегі артқы
тістер қуыстарына таралуы мүмкін.
18.
Жоқ, дұрыс емес, себебі
маңдай қойнаулары 6
-
7 жастық кезеңде ғана біржола
қалыптасады.
19.
Төменгі жақсүйек иекасты тұсында сынған. Бір жағында сынған жағдайда бір
иекасты нервінің зақымдануы мүмкін, ал екі жақты сынық болса, онда иекасты нервінің
екеуі де зақымдануы мүмкін.
20.
Қысқа тіл жүгеншесін ортаңғы үштік бөлік тұсында көлденең тілік жасап кеседі.
Содан соң тілдің ұшын барынша жоғары тартып, жүгеншенің кілегейлі қабығының
шеттерін кетгутпен ұзынша бағытта тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: