74
Жауырын –
кеңірдектік үшбұрыш –
медиалды жағынан тереңде жатқан кеңірдектің
үстімен жүргізілетін ортаңғы сызықпен, латералды төменгі жақтан
-
төс
-
бұғана
-
емізіктік
бұлшықеттің алдыңғы шетімен, латералды жоғарғы жағынан жауырын
-
тіластылық
бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен шектелген.
Жоғарырақ аталған латералды (яғни, сыртқы) үшбұрыш өз кезегінде төменнен
жоғары қарай қиғаш өтетін жауырын
-
тіластылық бұлшықеттің төменгі қарыншасымен
тағы жұп (оң жақ және сол жақ) екі кішірек үшбұрышқа бөлінеді. Жоғарғысы (үлкендеуі)
–
жауырын –
трапециялық үшбұрыш (
trigonum omotrapezoideum
), төменгісі (кішісі) –
жауырын –
бұғаналық үшбұрыш (
trigonum omoclaviculare
) деп аталады.
Төс –
бұғана –
емізіктік аймақ –
осы бұлшықеттің алып жатқан шекарасына сәйкес
келеді. Осы бұлшықеттің астында терең бұлшықеттік құрылымдар орналасқан:
сатыалдылық аралық, саты
-
омыртқалық үшбұрыш, және сатыаралық кеңістіктің
бастамасы. Аталған жерлерде медиалды (негізгі) қантамыр –
нервтік шоғырдың
бастапқы бөлігі (жалпы
ұйқы артериясы, ішкі мойындырық венасы, кезбе нерв), сонымен
қатар, латералды (сыртқы) қантамыр
-
нервтік шоғыр
-
бұғана асты артериясы, иықтық нерв
өрімі, бұғана асты венасы, көкеттік нерв және басқа анатомиялық элементтер
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: