78
табақшамен бөлініп тұрады, онымен қабат жұқа табақшаны қантамырлар тесіп өтеді.
Кеңістік лимфа түйіндеріне толы және қалқанша бездің сыңар веналық өрімі мен одан
жан
-
жаққа тарамдалатын төменгі қалқанша веналар, сонымен қатар сирек жағдайда
ортаңғы сызықпен қалқанша безге қарай өрлейтін қалқанша бездің төменгі артериясы
орналасады (
a.thyroidea irna
). Кеңірдектің алдындағы жұқа шелмай қабаты вицералды
фасциямен жабылған. Кеңірдек алды фасция деп аталатын осы шандырды трафеостомия
операциясын жасау кезінде теріге тігіп қойған абзал, себебі теріасты немесе
көкірекаралық эмфизма болу қаупі бар.
Өңеш пен жұтқыншақ артында орналасқан кеңістік төртінші фасцияның висцералды
жапырақшасымен және бесінші (омыртқа алды) фасциямен жабылған. Өңештің
қабырғасы бөтен затпен (сүйек т.б.) жарақаттанғанда инфекция өңеш артындағы
шелмайға өтеді, одан әрі оп
-
оңай артқы көкірекаралыққа түсіп
-
өте қауіпті ауыр асқыну
–
артқы медиастенитке алып келеді.
Медиалды (негізгі) қантамыр –
нервтік шоғыр (жалпы ұйқы артериясы ішкі
мойындырық венасы және кезбе нерві) шамалы ғана шелмай қабатымен қоршалған және
төртінші фасцияның париеталды жапырақшасымен шектелген қантамыр
-
нервтік
кеңістікті (
spatium vasonervorum
) құрайды. Аталған кеңістік жоғары қарай бассүйектің
астына дейін, төмен қарай алдыңғы көкірекаралыққа дейін созылады. Кейбір ғалым –
дәрігерлердің жазуларына сүйенсек (В.Ф. Войно
-
Ясенецкий): қалқанша бездің іріңдік
қабынуынан тромбофлебит және ішкі мойындырық венасының тесілуі нәтижесінінде
іріңдік процесс алдыңғы және артқы көкірекаралыққа таралып, бұғана үсті мен жауырын
астына дейін барғандығы көрсетілген.
Латералды (сыртқы) үшбұрыштың төменгі бөлімінде екінші және бесінші
фасциялар аралығында едәуір шелмай қабаты анықталады, мұнда бұғанаасты венасы мен
артериясы және иық нерв өрімі, оның тармақтары мен лимфа түйіндері жатады. Өкпе
қабының (плевраның) күмбезінде орналасқан бұғанаасты артериясының айналасымен
шелмай қабаты алдыңғы көкірекаралықтан бұғана үсті шұңқырына одан әрі қолтықасты
аймаққа, сондай
-
ақ
vasa suprascapularis
бойымен жауырынның қылқан үсті ойысына
созылады. Оған қоса шелмай қабаты трапеция тәрізді бұлшықеттің астына да таралады.
Омыртқа алды кеңістік (
spatium prevertebrale
) бесінші фасция мен мойын
омыртқалары арасында орналасқан, мұнда мойын мен бастың ұзын бұлшықеттері,
симпатикалық бағаналар өтеді. Бұл кеңістіктің іріңдік асқынулары мойын
омыртқаларының патологиясымен байланысты (мысалыға туберкулез немесе одан басқа
себептер). Инфекция бұл кеңістіктен кеуде қуысына тарап кетуі мүмкін.
Жоғарыда келтірілген кеңістіктерден басқа, мойынға инфекцияның ауысуы бастың
әртүрлі аймағынан шелмай қабаттары арқылы, сондай
-
ақ гематогендік және лимфогендік
жолдармен іске асуы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: