Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет74/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

Төменгі трахеостомия
 
Операция
ересектерден гөрі балаларға жиірек жасалады
(29-
сурет). Хирург 
науқастың мойын тұсында сол жағынан орналасады. Саусақпен сипап сақина тәрізді 
шеміршекті анықтап, ортаңғы сызықтан ауытқымай, аталған шеміршектен төссүйектің 
мойындырық ойығына дейін тілік жасайды. Тіліктің ұзындығы балаларда 4
-
5см, ал 
ересектерде 7
-
8см болуы қажет. Қабаттарына сәйкес, теріні, теріасты шелмайды, одан әрі 
мойынның беткейлік және меншікті фасцияларын тіледі. Төссүйектен жоғарғы 
шелмайлық кеңістіктегі 
arcus venosus juguli 
ептеп бүйірге қарай ығыстырылады немесе 
екі жерден байланып, ортасынан кесіледі. Науашалы зонд көмегімен үшінші фасцияны 
тіліп, оны мойынның ұзын бұлшықеттерімен бірге бүйірге ығыстырады. Одан тереңірек 
ішкі висцералды (4
-
ші) фасцияның париеталды жапырақшасын тіліп, өте сақ түрде тұқыл 
аспаптармен ең қауіпті
аймақ
spatium praetracheale 
ашылады, мұнда веналық өрім (
plexus 
venosus thyroideus impar
) орналасқан, және сирек жағдайда (10
-20%) a.thyroidea ima 
кезігуі мүмкін. Бұл артерияны абайсызда жарақаттап алу өте қауіпті, себебі ол қолқа 
доғасының немесе иық
-
бас бағананың тармағы болып табылады. Тағы бір есте сақтайтын 
жағдай
-
операцияның жараның ең төменгі бұрышындағы операцияның әрекеттер өте 
қауіпті, әсіресе балаларда себебі басты тым шалқайтқан кезде төссүйектің мойындырық 
ойығынан жоғарылау деңгейге сол жақ иық
-
бас венасы томпайып шығып тұруы мүмкін.
Бұдан әрі, төменгі трахеостомия операциясының техникасы жоғарғы трахеостомии 
операциясынан еш өзгерісі жоқ.
 
Ортаңғы трахеостомия
 
Бұл операция көмейге жасалатын кейбір операциялардың (экстирпация, ісікті алып 
тастау) алғашқы немесе бастапқы сатысы ретінде қолданылады
(29-
сурет). Мұнда 
қалқанша бездің мойнағын кесуге тура келеді, мойнақ көбінесе балаларда және
зоб 
ауруымен ауыратын ересектерде жалпақ, жуан болып келеді. Мұндай мойнақты кескенде 
қан кету күшті болады. Сондықтан бұл қолайсыздықтың алдын алу үшін мойнақтың 
астымен (оңнан және солдан) өте берік екі қантоқтатушы қысқыштарды салады да, 
олардың арасымен без тінін кеседі. Бездің кесілген жерлерін жібек жіптермен тігеді. 
Кесер алдында –
кеңірдектің мойнақтан төменірек деңгейде ашады да, без мойнағына 
төменнен келетін барлық қантамырларды байлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет