108
асфиксияны күшейтіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда қатты жөтел ұстамасы болып,
кеңірдек жарақытынан қан мен шырышты кілегей шашырайды. Тыныс алуды жақсарту
және аспирациялық пневмонияның профилактикасы үшін, кеңірдектен қанды
трахеотомияның жара арқылы енгізілген катетердің көмегімен немесе канюля арқылы
сорып алады.
Кеңірдекті тілу кезінде скальпелді ортаңғы сызықтың бойымен тереңдігі 1 см
-
ден
аспайтын етіп кіргізу қажет. Тым терең тілік жасаған жағдайда,
кеңірдектің алдыңғы
қабырғасымен қоса, оның артқы қабырғасын да тесіп алуға, тіпті оның артында жатқан
өңешті де тіліп жіберуге болады. Өңештің білінбей қалған зақымдануы кейін өте ауыр
асқынуларға алып келуі мүмкін. Канюляны кеңірдектің сілемайасты (кілегейасты)
кеңістігіне кіргізу қателігі шеміршектер кесіліп, ал кілегейлі қабық тілінбей бүтін қалған
жағдайда кездеседі, сондықтан канюляның ұшы мен сұйықтықтың итеруіне байланысты
кілегейлі қабық сыдырылып, кеңірдек қуысына қарай томпайып, оның тесігін бітеп,
тыныс алуды нашарлатып, немесе тіпті оның тоқтауына себеп болады.
Мұндай кезде
канюляны тез шығарып алып, кілегейлі қабықты тартып шығарып, тілу қажет, содан соң
кеңірдектің тілік жарасын кеңейткіштермен ашып, канюляны қайтадан енгізеді.
Мойындағы ірі веналық тамырлардың жарақаттануы нәтижесінде болатын ауа
эмболиясы операция
барысын асқындырып, қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан
операция кезінде барлық веналардың алдын
-
ала байлануы қажет, оның өзінде бірінші
кезекте веналардың орталық ұштарын байлау керек.
Кеңірдекке жасалатын тіліктің ұзындығы оның
ішіне енгізілетін канюляның
диаметріне дәлме
-
дәл сәйкес келуі керек. Егер сәйкес келмейтін тым үлкен тілік болса,
сыртқа қарай дем шығару кезінде ауа канюляның жанымен мойынның тіндерінің
саңылауларына өтіп, теріасты шелмай мен көкірекаралықтың эмфиземасына алып келуі
мүмкін. Мұндай эмфиземаның пайда болуы операциядан кейінгі алғашқы 10
-
15 сағат
өткенде кездеседі және ол бетке, арқаға және ішке жайылып кетуі ықтимал. Әдетте
эмфизема 5
-
10 күнде кетеді. Трахеостомия операциясынан кейінгі ең ауыр асқынуларға
көбінесе алғашқы бірінші тәулік ішінде пневмоторакстың дамуы жатады. Пневмоторакс
негізгі аурудың ағымын айтарлықтай ауырлатып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: