31
2. Маңдай қойнауы. Ішкі көлемі, пішіні жеке тұлғада өзгергіш болады. Қойнау
маңдай сүйектің қас үсті доғаларының медиалды шеттерінің аралығында сүйектің
қалыңдау жерінде жатады. Қойнаудың қабынуы (фронтит) кезінде іріңдік жақын
орналасқан бассүйек қуысының алдыңғы шұңқырына, көзұясына таралып кетуі мүмкін.
Қойнауды ашу үшін маңдай сүйекке алдыңғы бетінен қойнаудың проекциясына сәйкес
трепанация жасауға болады. Маңдай қойнауы мұрын қуысының ортаңғы жолына тесік
арқылы ашылады.
3. Сына тәрізді қойнау, аттас сүйектің ішінде, оның денесі тұсында орналасқан. Ол
алдыңғы жағынан екі тесік арқылы мұрын қуысының жоғарғы жолдарымен
байланысады. Төменгі жағы мұрын қуысының артқы қабырғасын немесе төбесін
құрайды. Жоғарғы жағындағы қабырғасы түрік ершігі мен оның шұңқырындағы
гипофизге сәйкес келеді, одан алға таман көру нервтерінің қиылысымен шектес жатады.
Қойнаудың бүйірлік қабырғаларына үңгірлі синус пен оның іші арқылы өтетін ішкі ұйқы
артериялары сәйкес келеді. Қойнау медиалды жағынан қойнау іші пердесімен екі бөлікке
бөлінеді, сондықтан жоғарыда айтылғандай екі тесік арқылы мұрын қуысына ашылады.
Сына тәрізді қойнау арқылы көршілес орналасқан гипофизге, үңгірлі синусқа, көру
нервтерінің қиылысына заманауи эндовидеохирургиялық әдістерді қолданып операция
жасауға болады.
4. Торлы қойнау маңдай сүйектің торлы сүйектік ойығында, сына тәрізді сүйектің
алдында орналасқан. Бұл сүйек бассүйектің милық және беттік бөліктерінің екеуіне де
қатынасы бар. Оның тесікті табақшасы мен қораз айдаршығы ми сауытының алдыңғы
шұңқырымен байланысса, төменгі бөліктері мұрын қуысына қараған, латералды жағынан
көз ұясының қабырғасын құрайды. Осы себептен, торлы сүйектің ұяшықтарының
қабынуы асқынса, ірің бассүйек қорабына немесе көз ұясына өтіп кетуі әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: