Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет25/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Операциялық алаңды дайындау
. Операция алдында шаштарды қырып, басты 
сабындап жуады. Бассүйектің артқы шұңқырына операция жасалатын ауруды 
дайындағанда желкедегі, мойындағы, сондай-ақ иық үсті аймақтағы шаштар мен түктер 
қырылуы керек, ал көзұясы үсті аймағын қамтитын операцияларда – міндетті түрде 
қастар да қырылуы қажет. 
Ауырсындырмау.
Ауырсындырмау жолдарын таңдау операциялық әрекеттердің 
сипаты мен жеке организмнің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Бассүйек – ми 
операциялары әруақытта наркоз беру арқылы жүргізіледі, бастың беткейлік 
жарақаттарының хирургиялық тазартылуы новокаинның 0,5% ерітіндісімен жергілікті 
инфильтрациялық 
анестезия 
жасау 
арқылы 
жасалады. 
Кейінгі 
жылдарда 
ауырсындырмаудың аралас тәсілдері кеңінен қолданылып жүр (мысалы: новокаин мен 
пентотал және наркоз). 
Операциялық үстелде аурудың орналасуы
– арқасымен, қырынан (бір бүйірімен) 
немесе етпетінен. Науқасты үстелге қырынан бір бүйірлеп орналастыру жағдайында
оның бір аяғы жамбас және тізе буындарында бүгулі болуы қажет, бұл науқастың арқаға 
немесе іш жағына қарай аунап кетуінен сақтайды. 
Бассүйек жарақаттарын алғашқы хирургиялық тазарту 
Операция техникасы.
Скальпелмен жарақаттың шетін айналдыра доға пішінді екі 
тілік жасайды. Терінің шетін астындағы теріасты шелмайымен қоса ені 0,5см аспайтын 
етіп тіліп алып тастайды. Жасалған тіліктің ұзынша орналасуы магистралды 
қантамырлар мен нервтердің жүрісіне сәйкес, яғни радиалды бағытта болуға тиіс. 
Жарақаттанған тері тамырларынан аққан қанды тамырға астындағы апоневрозбен қоса 
арнаулы қантоқтатқыш қысқыштарды бекіту арқылы тоқтатады. Операциялық жараны 
тігер алдында қысқыштарды біртіндеп шешеді де, қантамырларды «Москит» 
қысқышының ұшымен ұстап тұрып, коагуляция жасайды. Тамырға коагуляция жасау 
барысында терінің шетін күйдіріп алмауды ескеру қажет. 
Шытынап сынған сүйектің айналасындағы сүйек қабығын сынған жерден 0,5-1см 
шамасында шеткері бағытта распатор арқылы сүйектен ажыратады. Бос жатқан сүйек 
сынықтарын пинцетпен алып тастайды. Сынған сүйектің сүйек қабығымен бекінген ірі 
бөліктерін элеватор көмегімен ептеп көтереді. Сүйектің иректісті тегіс емес шеттерін 
Люэр қысқышымен тістеп қырқып тастайды (сындырмайды, тістеп қырқады!). 


41 
 
 
1. Бастың топографо-анатомиялық ерекшелігіне байланысты жарақатталған 
жұмсақтіндерді үнемді кесу. 
 
 
2. Сүйек сынықтарын алып тастау. Люэра қысқышымен сүйек жарақаты кеңейтіп 
сүйек шеттерін тегістеу. 
3. Қатты ми қабығының жарақатын өңдеу. Жарақат өзегіндегі мен дендриттерін 
және ұсақ бөгде заттарды жылы физиологиялыққ ертіндімен жуу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет