Бастың бет бөлімі (redio facialis)
Бастың бет бөлімі милық бөлімнен көзұясының жоғарғы қырынан, бетсүйек пен
оның доғасы арқылы, есту жолы тесігімен емізік тәрізді өсіндінің алдыңғы қырларымен
өтетін сызықпен шектелген. Мойыннан бет бөлімі төменгі жақсүйектің төменгі қырымен,
одан әрі оның бұрышынан емізік тәрізді өсіндінің ұшына дейін жүретін шекарамен
бөлінген. Бет бөлімінде шарты түрде бөлінген төрт қуысты – көзұясы, мұрын, ауыз
қуыстары және ауыз қуысына жанама орналасқан иек асты аймағын, сонымен қатар
беттің бүйірлік аймағын ажыратады. Соңғысы беткей (ұртық, шықшыт - шайнау) және
23
терең аймақтарға бөлініп қарастырылады.
Бетті зерттеу барысында, көзұясының сүйекті қырларын, мұрынның сүйектік
жотасын, мұрынның алмұрт тәрізді тесігін, бетсүйектерді және оның доғаларын, төменгі
жақ сүйектің пішіндері мен оның буындарын сипап тексеріп алған абзал.
Беттің пішіні 97% ассиметриялы болып келеді, бұл беттің сүйектік негізіне,
бұлшықеттеріне және теріасты майлы шел көлеміне байланысты.
7-сурет. Бет инервациясы.
1-самай нервісі;2-әлпет нервісі;
3-ұрт аймақ нервісі;4-төменгі жақтың төменгі жиек тармағы;
5-мойын тармағы.
Бет терісі жұқа, құрамында май және тер бездері бар. Май бездерінің шығару
түтіктері бітелген жағдайда атероманың пайда болуына әкеп соғады, ал шаш түбірлерінің
қабынуы шиқан, сыздауық патологиясына алып келеді. Бет терісі және оған жанама
тіндер қанмен жақсы қамтамасыз етілген және оңай қозғалады. Терінің мұндай қасиеті
пластикалық операциялар жасауға қолайлы жағдай туғызады. Терінің түсі жасына,
жынысына, нәсілдігіне және организмнің жалпы ахуалына байланысты. Тері асты шелі
жақсы дамыған, бірақ көлемі өзгеріп отырады. Бұл қабатта бұлшықеттер, қантамырлар
мен нервтер, сілекей бездерінің түтіктері орналасқан. Бетте ымдау және шайнау
бұлшықеттерін ажыратады. Ымдау бұлшықеттерінің негізгі қызметі – көңіл күйді
білдіру, сонымен бірге олар сөйлеу және шайнау қызметтеріне де қатынасады. Оларды
қысқыштарға және кеңейткіштерге бөледі. Ымдау бұлшықеттері қаңқа бұлшықеттері
сияқты екі жақты сүйектерге бекінбейді, бірақ міндетті түрде бір жақ ұшы, тіпті екі жақ
ұщы да теріге немесе кілегейлі қабыққа бітіседі. Бұл бұлшықеттердің фасциялары
болмайды және жиырылғанда теріні қозғалтады. Ымдау бұлшықеттеріне жататындар:
көздің айналма бұлшықеті, қабақты түйетін бұлшықет, ауыздың айналма, кіші және
үлкен бетсүйек бұлшықеттері, күлкі бұлшықеті (тұрақты емес), ауыз бұрышын көтеретін
және түсіретін бұлшықеттер, төменгі ерінді түсіретін, иекасты, ұрт бұлшықеттері,
сонымен қатар бас күмбезінің – бассүйек үсті бұлшықеті (маңдай-шүйделік) және құлақ
қалқаны бұлшықеттері т.б. ымдау бұлшықеттерінің бәрі бет нервінен қамтамасыз етіледі
(VІІ жұп)(7-сурет).
Шайнау бұлшықеттері төртеу: самай, меншікті шайнау, латералды және медиалды
24
қанат тәрізді. Бұлардың бәрі үшкіл нервпен (V жұп) нервтенеді,
Достарыңызбен бөлісу: |