Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Ортаның экологиялық факторлары



бет10/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

1.4. Ортаның экологиялық факторлары


Экологиялық факторлар - организмге бейімдеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.
Абиотикалық факторлар - бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (жарық, температура, радиация, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың тұзды құрамы, жердің рельефі және т.б.)
Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі үрдістер жиынтығы.
Антропогендік факторлар - қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ ланшафтарының бұзылуы және т.б.).
Сонғы жылдары «антропогендік факторлар» табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай адам баласы іс-әрекеті бақылауға алынып, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына жол бермеу жолдары ғаламдық мәселелерге дейін көтерілуде.

    1. Мeдициналық экoлoгия, түсінігі, oбъeктісі, мақсаты мен зерттеу әдістері

Ғаламдық экология биосфераны тұтас зерттейді, басқаша айтқанда, жер шарын ораған экологиялық жүйені зерттейді. Қазіргі ғаламдык экологияның басты міндеттеріне тіршілік ортасындағы антропогендік өзгерістерді зерттеу мен адамзат мүддесінде осы ортаны сақтау және жақсарту әдістерін негіздеу жатады. Осыған байланысты болашақта экологиялық ситуация өзгерістерін болжамдау және осы негізде жақын жылдарға және алыстаған перспективаға адамдардың тіршілік ортасын сақтау мен жақсартуға, биосфераның керек емес өзгерістерінің алдын алуға бағытталған шаралар өңдеп жасап шығару.


Соңғы жылдары ғаламдық экологиядан медициналык экология бөлініп шықты бұл жедел дамып келе жатқан пәнаралық ғылыми бағыт. Ол философияны да, медикбиологиялық ғылымдарды да (гигиена, генетика, физиология, патология және т.б.), қоғамдық ғылымдарды (демография, социология), географиялық ғылымдарды (медициналык және әлеуметтік география) біріктіреді. Медициналық экологияның өзегі гигиена болады. Гигиена адамдар денсаулығының күйіне қоршаған орта факторлары әсерінің зандылықтарын және оларсыз жоғарылаған антропогендік жүктемені региондардың медициналық-экологиялык бағалануын жүргізу мүмкін емес гигиеналық нормативтер, ережелер және шараларды жасап шығарады.
Медициналық экология өзіне генетиканы қосады, өйткені, организм реакциясы биологиялық белсенділік пен экологиялык фактор дозасына ғана тәуелді емес, генетикалық кодқа да тәуелді. Ол, тірі организмдер әмірі және олардың қоршаған ортамен өзаракатынасын зерттейтін физиологияны қосады. 1883 жылы физиолог И.М.Сеченов айтқан: "Ағза, оның тіршілігін ұстап түрған сыртқы ортасыз, мүмкін емес".
Қазіргі уақытта экологиялық қолайсыз аймақтарда экологияға тәуелді аурулар немесе жалпыға белгілі патологиялар бұрынғы өту қалпынан басқаша, типсіз өтуде. Осындай ауру клиникасын, патогенезін және диагностикасын зерттеумен, осындай аурумен ауыратын сырқаттарды емдеумен медициналық экологияның жана тармағы экологиялык патология (экопатология) айналысады.
Экологиялық қолайсыз аймақтарда тұрғындар денсаулығы күйін толық бағалау үшін, әрине, кейбір демографиялық көрсеткіштерді (туушылық, өлім-жітім, түрғындардың табиғи өсімі т.б.) әлеуметтік сұрау деректерін және географиялық ғылымдарды білу.
Ең жалпылама түрде медициналық экология бұл адамнын биологиялық та және әлеуметтік те тіршілік иесі ретінде күрделі көп компонентті коршаған әлеммен, ылғи да күрделеніп түратын динамикалық тіршілік ортасымен өзара әрекеттесуі.
Жалпы экологиядан медициналық экологияны біз неге бөлеміз? Осыны түсіну үшін биологиялық пән ретінде, экология негізделінген үш жалпы биологиялық қағидаларға тоқталып өтуіміз керек. Оларға жататындар:
1. Ағза мен ортаның өзара қатынасы туралы мәселе.
2. Адаптация мәселелері.
3. Түр туралы үғым.
Көрсетілген экология мәселелері медицинаның жалпы биологиялық фундаментіне кіреді. Биологияның негізгі экологиялық заңы "ағза мен ортаның бірлігі" заңы адамға да қатысты. Медициналық экологияның жалпы экологиядан айырмашылығы "ағза мен ортаның бірлігі" заңының әрекетін адам саналы еңбек қызметімен шектей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет