Заманауиэкология ағзалардың өзара қатынасы, соның ішінде адамнын ортамен катынасы, адамдар коғамының ортаға әрекетінің жіберілуге болатын шектері мен масштабын анықтаумен, осы әрекеттерді азайту мүмкіндіктерін немесе оларды толық нейтрализациялауды зерттеумен айналысатын ғылым. Стратегиялық жоспарда, бұл адамзаттың тірі қалуы және жер планетасы шегінде ғаламдық масштабка айналып келе жаткан дағдарыстан шығу.
Әлемде экологияға көңіл аудару ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін шаруашылық машықтығына енгізілуіне қарай ұлғая түсті.Экожүйелер мен биосфераның толығынан зерттеуге байланысты, 20-ғасырдың 60-70 жылдары экологияның қолданбалы бағыттылығы күшейді: қалған құрамдарын бөлумен,су мен ауаның тұтастық ретінде айналымы; қоғам өнімділігі, қоректену тізбектері;қоршаған ортаның глобальдық ластануы;өмір сұру ортасын да және адам қызметін де жүйелік талдау және басқару.
Біртұтас жүйе ретінде биосфераның тұрақты кызмет жасауы ғаламдық экожүйенің құрамдық бөліктерінің бірі ретінде адамзат өмірі жағдайларын қамтамасыз етеді. Әртүрлі денгейдегі экожүйелердің қызмет ету зандылықтарын түсінбеу немесе оларды жеткілікті ескермеу, қазіргі биосфераның дағдарыс күйінің себебі болды. Осы кезде экологиялык қауіпсіздік мәселесі жалпы бұқаралық, соның ішінде ядролык қауіпсіздік деңгейімен бір қатарға тұрып саяси мағынаға ие болды. Бірақ, экологиялық мәселелер тек қана орта ластануымен күреске саяды деп қалыптаскан көзкарас, экологиялык қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесін құруды тежейді. Экологиялық дағдарыстан шығу үшін, табиғи экологиялык жүйелер қалыптасуының, негізгі зандарының орнықтылығын және рациональды эксплуатациясынын әдістерін түсіне білу қажет.
Биосферада өмір сүретін организмдерді популяциялар, бірлестік экожүйелер деңгейлерінде зерттеуге болады.
Өзара әрекеттегі, ортақ территорияны бірге жайлайтын және өзін-өзі үрпақтарда өндіретін бір түрдегі даралар тобы популяция деп аталады. "Популяция" латынша “populus” халық, тұрғындар мағынасын беретін сөзден шыкқан. Осы үлгіде, экологиялық популяцияны белгілі территориядағы бір түрдеге түрғындар ретінде анықтауға болады.
Ағзалар бірлестіктері биорганикалык ортамен тығыз материал энергетикалық қатынастармен байланысқан. Өсімдіктерге көмір қышқыл газы, су, оттегі, минерал тұздар ұдайы түсіп тұрғанда, солардың есебінен ғана олар тіршілік етуі мүмкін. Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық қосьлыстардан органикалық заттар синтездейтін ағзалар автотрофтар болып аталанады, ал химиялық реакцияларда шығарылатын энергияны қолданатындар хемотрофтар. Дайын органикалык заттармен қоректенетін ағзаларды гетеротрофтар дейді. Бірге тіршілік ететін тоқталуларды және өзара байланысты ағзаларды биоценоздар (латынша "bios" өмір және “koinos” ортақ) деп атайды. Биоценоздар масштабтары әртүрлі: ағаш діңгегіндегі мүктер бірлестіктерінен бастап немесе шіріген томардан (ағаш түбірі) ландшафтарға (ормандар, далалар, шөлдер ж.б.) дейін.