Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет22/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Қышқыл жаңбырлар.
Қышқыл жаңбырлар – қандай да бір қышқыл құрамы бар кез келген жауын− шашын түрлері (жаңбыр, қар немесе бұршақ). Қышқыл бар ортада су көрсеткіші (pН) төмендейді.
Атмосфераны негізгі ластаушылар қышқыл жаңбыр түзуші көздер болып табылады, оларға: күкір тотығы, күкіртті ангидрид, азот оксиді жатады.
Қышқыл жаңбырлар түсінің негізгі себептері күкірт және азот оксиді, хлорлы сутек, және басқа да қышқыл түзуші химиялық заттар өндірісіндегі шығарындылардан жауын шашын қышқылды болып түседі.
Егер атмосфералық ауада аммиак немесе кальций болса, онда сілтілі жауын жауады. Қалай дегенмен де олар қышқылды болып түсіп, топырақ немесе су көздерін қышқылды ортасын өзгертеді.
Қышқылды жаңбырлар табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи бұл табиғи үрдістер негізінде болса, жасанды адам қызметі нәтижесінде болады.
Табиғи қышқыл жаңбырлар.
Шығу тегіне байланысты табиғи қышқылды жаңбырлар келесі себептерден болады:

  1. Микроағзалар қызметі. Өмір сүру барысында кейбір микроағзалар органикалық заттардың ыдырап, күкірттің газ тәрізді қосылыс түзілуіне әкелген жағдайда ол атмосфераға шығарылады.

  2. Вулкaндық. Вулкандардың атқылауынан атмосфераға 2 млн. Тoннаға дейін күкірт қосылыстары шығарылады: күкіртті ангидрид, кукіртті сутек, әртүрлі сульфаттар мен күкірт.

  3. Азот құрамды табиғи қосылыстардың ыдырауы. Ақуыз қосылыстарының ыдырауы кезіне негізгі құрамдас бөлік азот болғандықтан ортаға азот оксидінің түзілуіне әкеледі.

  4. Найзағай түсу. Найзағай түскен жағдайда шамамен жылына 8 млн. Тонна азот қосылыстары бөлінеді.

  5. Ағаш жағу мен басқа да биомассалар.



Aнтpoпoгeнді қышқыл жаңбырлар
Қышқыл жаңбырлардың aнтpoпoгeнді көздеріне жататындар:

  1. Жылыту элeктpocтaнциялары.

  2. Мeтaллуpгия өндірісі

  3. Күкірт қышқылын өндіру.

  4. )атты отынды ракеталар.

  5. Aвтoтpaнcпopт атмофераға шығарылатын азот оксидінің 40% бөледі.

  6. Мұнай және мұнай өңдеу өндірісі.

  7. Химия өндірісі.

Адам қызметі нәтижесінде атмосфераға 60% аса күкірт қосылыстары, 40-50% азот қосылыстары және 100% органикалық ұшқыш қосылыстар шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет