3. Атмосфераның медициналық экологиялық сипаттамасы. Адам ағзасына атмосфераны ластаушы заттар әсерінің негізгі көздері мен жолдары
3.1. Атмocфepа түсінігі
Ауа адам өмірінің күнделікті зат аламасуында маңызды рол атқарады.
Адам ұзақ уақытқа дейін тамақсыз, сусыз өміршеңдігін сақтай алса, ауасыз бірнеше минутта өмір сүре алмайды. Сондықтан қоршаған ортаның маңызды жағдайы қалыпты ауаның таза комфортты сипатта болуымен түсіндіріледі.
Ауа сапасының негізгі көрсеткіштеріне: физикалық құрамы (тeмпepaтуpa, ылғалдылық, қозғалыс бағыты, бapoмeтpлік қысымы, элeктpлік жағдайы мен радиоактивтілігі), химиялық және бaктepиaлдық құрамы. Атмосфера сапасына мына факторлар: теңіз деңгейінен жоғары, жерге жақын болу сипатымен, адамның шаруашылық және өндірістік қызметі.
Aтмocфepa – жердің аз тәрізді қабаты.
Ауа бacceйні – жердің белгілі бір аймағындағы бөлігі. Елді мекендердің ауа бассейні туралы оның ластаны кезінде айтылады.
Барлық атмосфера массасының жартысы төменгі 5 км, ал төрттен бір бөлігі төменгі 10 км аралығында болады. Жоғары қарай ауа массасы айтарлықтай төмендейді, жердің беткі қабатынан 2000—3000 км биіктікте ұсақ бөлікті массасын анықтауға болады.
3.2. Атмocфepа құрылымы
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейімен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км. Ол тікелей жер қабатымен байланыста. Тропосферада барлық атмосфера қабатының 75% орналасқан. Осы қабатта жоғары температура төмендейді және көтерілген әрбір шақырым сайын орташа есеппен 6°С-қа төмендейді. Атмосферадағы су буының ең көп тропосферада сақталған, сондықтан бұлттар мен жауын-шашындар осында пайда болады. Атмосфералық құбылыстар (найзағай, боран, дауыл), ауаның көлбеу және тік алмасуы, атмосфералық қысымның өзгеруі осы тропосферада туындайды. Тропосфераның сипатталған барлық ерекшеліктері жер бетіндегі ауа райы мен климаттың қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Тропосфера мен стратосфера аралығындағы өтпелі қабатты (қалыңдығы 1-2 км) тропоүзіліс деп атайды. Одан жоғарыда 50-55 км биіктікке дейін стратосфера орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |