125
Науқас В., 25 жаста, аралас дәрумендерді қабылдаған соң 30 минуттан кейін беті
қызарып, күлдіреуік шығып, қышыма пайда болды. Кейіннен лоқсу, ентікпе, тынсының
тарылуы, бетінің жаппай ісінуі дамыды.
1.
Науқаста қандай ісіну пайда болды?
2.
Бұл ісінудің даму механизмі қандай?
3.
Науқастағы ісіну дамуының алғашқы патогенездік
факторы қандай?
III.1-12 жағдаяттық тапсырма
Науқас К., 52 жаста, келесі шағымдармен ауруханаға түсті: оң қабырға астының
ауруы, денесінің қышуы, мұрнынан қан ағу, сарғыштану. Объективті: терісінде қасынған
іздер бар, “тамырлық жұлдызшалар” симптомы, іші үлкейген, симптом “медуза
басы”*, шемен (62 сурет) белгілері. Қан талдамасында: гипопротеинемия,
диспротеинемия. Анамнезінен науқас ұзақ уақыт ішімдік қабылдайтыны анықталды.
* - құрсақтың беткейлік коллатералдық веналарының кеңеюі
1.
Науқаста қандай ісіну пайда болды?
Достарыңызбен бөлісу: