3.
Дисгидрияның осы түрін емдеудің патогенездік ұстанымдары қандай?
III.1- 6 жағдаяттық тапсырма
Науқас Е., 56 жаста, дене салмағы 70 кг, тынымсыз құса береді, 0,9% натрий хлорид
ерітіндісі мен 5% глюкозаны егу тағайындалды. Науқасқа тәулігіне 2,5 литр натрий
хлорид ерітіндісі және 2 литр глюкоза егілді. Осы инфузиялық терапия барысында
науқаста бас ауруы, тынысының тарылуы пайда болды. Зерттеулер жүргізгенде
артериялық қысымның, қан көлемінің жоғары, қан плазмасының осмолялдығының
қалыпты екендігі анықталды.
1.
Науқаста дисгидрияның қандай типтік түрі дамыған?
Жауабыңызды негіздеңіз.
2.
Тағы қандай себептер дисгидрияның осы түрін дамытады?
3. Дисгидрияның бұл түрінің теңгерілу механизмі қандай?
III.1-7 жағдаяттық тапсырма
Науқас П., 55 жаста, қанайналым жеткіліксіздігінің теңгерілмеген сатысының
белгілері бойынша, кардиологиялық бөлімшеге түскен. Шағымдары: ентігу, жүрек қағуын
сезіну, мардымсыз физикалық жүктемелерден кейін шаршап қалуы, өң қабырғасының
астында ауыр сезімі, ісінулер. Объективті: терісі және көрінетін сілемей қабықтары
көкшіл түсті, аяғында - айқын ісінулер. Веналық қысым 300 мм.су.бағ. Бауыры
қабырғалық доғадан 4 см шығып тұр. Құрсақ қуысында сұйықтық анықталады. Қан
талдамасында: натрий мөлшері – 148 ммоль/л,, жалпы нәруыз – 52 г/л, альбуминді-
глобулинді коэффициент – 1,2. Зәріндегі нәруыз 1,4 г/л.
1.
Науқастағы ісіну дамуының алғашқы патогенездік факторы қандай?
2.
Гипернатриемия
мен гипопротеинемияның жүректік ісіну даму
патогенезіндегі маңызы қандай ?
Достарыңызбен бөлісу: |