Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Науқаста (патогенезі бойынша) ісінудің қай түрі дамыған?



Pdf көрінісі
бет142/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

1. Науқаста (патогенезі бойынша) ісінудің қай түрі дамыған? 
2. Бұл ісінудің даму механизмі қандай? 
3. Науқастағы эритема, қышу және тынысының тарылуының даму 
механизмдерін түсіндіріңіз. 
Жауабы
1. Науқаста мембраногендік ісіну дамыған. 
2. Мембраногендік ісінулер дамуының негізінде микроциркуляциялық арнадағы 
тамырлар қабырғасының суға, усақ- және ірі молекулалық заттарға өткізгіштігінің 
артуы жатыр. Араның уы, организге түскеннен соң мес жасушалардың дегрануляциясын 
туындатып, олардан биологиялық белсенді заттардың босауына, оның ішінде тамыр 
өткізгіштігін арттыратын гистаминнің бөлінуіне ықпал етеді. Нәтижесінде ұсақ 
тамырлардан судың және нәруыз молекулаларының жасуша аралық сұйықтыққа өтуі 
жылдамдайды. Салдарынан, қан плазмасындағы және лимфадағы онкотикалық қысым 
төмендейді, ал жасуша аралық сұйықтықта гиперонкия дамиды. Микротамырлардың 
өткізгіштігі артқан жағдайда сұйықтықтар онкотикалық градиент бойынша жасуша 
аралық кеңістікке қарқынды түрде өте бастайды. Сонымен, мембраногендік ісіну 
дамыған кезде қан плазмасындағы онкотикалық сорылу күшінің әсерлілігі төмендейді. 

 


169 
3. Ара шаққан жерде жергілікті қабыну дамиды, оның басты белгілерінің бірі 
артериялық гиперемия, қызару (rubor). Қышуы сол жерге биологиялық белсенді 
заттардың (мысалы, гистаминнің) әсер етуінен және сезімтал нерв ұштарының 
тітіркенуімен байланысты дамиды. Тынысының тарылуын да, гистаминнің әсерімен 
байланыстыруға болады, өйткені гистамин бронхтардың тегіс бұлшық еттерін 
жиырылтады, оның клиникалық көрінісі - экспираторлық ентікпе мен тұншығу.
Тақырыбы III.2 «Қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылуы» 
1 жағдаяттық тапсырма
Науқас П., 62 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шағымдары: жалпы 
әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруы, салмағының 
төмендеуі. Соңғы 6-7 күнде ішкен тамағын құсып тастайды. Қышқылдық-сілтілік үйлесім 
көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері: 
рН = 7,57 рСО

= 49 мм сын. б.б. SB = 31,6 ммоль/л BB = 55,8 ммоль/л BE = +15 
ммоль/л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет