169
3. Ара шаққан жерде жергілікті қабыну дамиды, оның басты белгілерінің бірі
артериялық гиперемия, қызару (rubor). Қышуы сол жерге биологиялық белсенді
заттардың (мысалы, гистаминнің) әсер етуінен және сезімтал нерв ұштарының
тітіркенуімен байланысты дамиды. Тынысының тарылуын да, гистаминнің әсерімен
байланыстыруға болады, өйткені гистамин бронхтардың тегіс бұлшық еттерін
жиырылтады, оның клиникалық көрінісі - экспираторлық ентікпе мен тұншығу.
Тақырыбы III.2 «Қышқылдық-сілтілік үйлесімнің бұзылуы»
1 жағдаяттық тапсырма
Науқас П., 62 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шағымдары: жалпы
әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруы, салмағының
төмендеуі. Соңғы 6-7 күнде ішкен тамағын құсып тастайды. Қышқылдық-сілтілік үйлесім
көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері:
рН = 7,57 рСО
2
= 49 мм сын. б.б. SB = 31,6 ммоль/л BB = 55,8 ммоль/л BE = +15
ммоль/л.
Достарыңызбен бөлісу: