II.5-1 жағдаяттық тапсырма Науқас С., 7 жаста, сүт және жұмыртқаны қолданғаннан кейін, ең алдымен мұрынның
қышуы, түшкіру, көкірегінің қысылу сезімі байқалып, артынан алқыну ұстамасы пайда
болады. Ұстама кезінде тынысы ысқырықты, шулды, жақын арақашықтықтан да есітіледі.
Көкірек тынысты терең ішке алу жағдайында болып, тыныс қабырғааралық
бұлшықеттердің қатысуымен іске асырылады. Алқыну әдеттегідей ақшыл қоймалжың
қақырықпен жөтелумен аяқталады.
1. Науқаста алқыну ұстамасының даму себептері қандай? 2. Науқаста қандай патологиялық процесс дамиды? 3. Осы патологиялық процесстің даму тегершігінің негізгі тізбегі қандай? 4. Себептік ықпалдармен әрекеттескеннен соң 3 сағат өткеннен кейін науқаста алқыну ұстамасының дамуы мүмкін бе ? II.5-2 жағдаяттық тапсырма Науқас С., 29 жаста, 7 жыл бойы тігін фабрикасында жүнді өңдеу жұмысын
істеген. Соңғы 6 айда көкірегі мен қолының терісінде қызаруы және ісінуі, осы жерлерде
ұсақ көпіршіктердің пайда болғаны байқалды. Көпіршіктерді ашқаннан кейін жара пайда
болады. Тексеру кезінде Е иммуноглобулиндердің мөлшерінің жоғарылағаны табылды.
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамыды? Науқаста анықталған аллергия жоғары сезімталдықтың қай түріне жатады?
106 2. Аллергияның дамуының себебі қандай? Осы этиологиялық ықпал А.Д.Адо және гигиенистер ұсынған жіктелулері бойынша аллергендердің қай тобына жатады? 3. Аллергиялық серпілістің осы түрін қандай биологиялық белсенді заттар