Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Қатерлі ісіктің өсуі кезінде науқастың шағымдарының болмауын немен



Pdf көрінісі
бет80/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148
1. Қатерлі ісіктің өсуі кезінде науқастың шағымдарының болмауын немен 
түсіндіресіз? 
 
2. Ісіктің өсуі және организмнің негізгі қарым-қатынасы қандай? 
 
3. Канцерогенездің жалпы кезеңдерін атаңыз және оларға сипттама беріңіз.
 
II.4-14 жағдаяттық тапсырма 
Жиһаз жасайтын фабрикадағы жұмысшылардың бас ауыруына, мұрынынан қан 
кетуіне, бет аумағының жансыздануына шағымданып дәрігерге қаралуы жиіледі. 
Дәрігерге тексерілуге келген жұмысшылардың мұрын қуысында ұсақ жаралар пайда 
болған және ісінуі байқалған. Осы топтағы жұмысшыларды тексеру барысында 
«Мұрынның сілемейлі қабығының обыры» диагнозы қойылды. 
1. Осылай орналасқан ісіктік процестің дамуымен жиһаз жасайтын 
фабрикадағы кәсіби зияндылықтың арасындағы байланыстың бар екенін 
болжауға болады ма? 
 
2. Фабрикада аурудың алдын алуының қандай шаралары жүргізілуі қажет? 
 
3. Құрамында протоонкогендері бар ДНҚ локусымен соңғы концерогендердің 
әрекеттесуі кезіндегі геномды және эпигеномды түрлері нені білдіреді? 
 
II.4-15 жағдаяттық тапсырма 
Науқас В., 59 жаста, 41 жыл автослесарь болып жұмыс істейді. 45 жыл бойы темекі 
шеккен. Жөтелгенде қан жолақтары бар қақырықтың бөлінуіне, оң жақ өкпесінің 
ауырсынуына, ентігуіне шағымданады. 3 айдың ішінде денесінің салмағы 10 кг азайған. 
Жанұялық анамнезі – әкесі өкпе обырынан қайтыс болған. Рентгенологиялық зерттеу 
кезінде кеуденің оң жақ бөлігінің төменгі бөлімі біркелкі (гомогенді) қарайған. Науқасқа
бронхоскопиялық тексеру жүргізілді. Биопсиялық материалды гистологиялық 
зерттегеннен кейін «Оң жақ өкпенің орталықты обыры. Өкпенің төменгі бөлімінің 
ателектазы. Плеврит» диагнозы қойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет