Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Каспаздық 
механизмге 
тәуелсіз 
апоптоз

Жасушалардың 
мембраналық деполяризациясынан кейін митохондриялардан босайтын 
лизасомалық ферменттер, катепсиндер, поли-АДФ-рибозил-полимераза 
(PARP), 
апоптоз-индукциялаушы 
факторы 
(AIF) 
нейрондардың 
өліеттенуіне қатысады. AIF-факторы «жазалаушы каспаз» каскады арқылы 
апоптоздың аяқталу механизмін іске қосатын прокаспазды белсендіреді 
және каспаздық механизмнің тәуелсіз жолымен іске асырылады. AIF–
факторы жасушалық ядроға түсіп, хроматиннің конденсациясын туындады 
және 
ДНҚ-ның 
бөлшектенуіне 
қатысатын 
эндонуклеазаларды 
белсендіреді.

Ерте жауап қайтаратын гендердің экспрессиясы
. Кез келген 
бүлдіруші әсерлерге, әсіресе ишемияға жауап ретінде ең бірінші 
туындайтын геномның телімсіз реакцияларының бірі болып ерте жауап 
қайтаратын (дереу дамитын) гендердің (c–fos, c–jun, krox–20, zif/268 
гендері және т.б.) индукциясы немесе үшіншілкі мессенджерлер саналады. 
Транскрипциялық белсенділкің айқындылығы жасушаның энергиялық 
метаболизміне тәуелді болғандықтан, мидағы қанағымның азаюына жауап 
қайтару үшін осы гендердің белсендірілуі ишемияның алғашқы 
минуттарында көріне бастайды. Сонымен бірге, периинфарктты аумақта 
иондық тасымалдану мен мембраналық потенциалдың өзгеруі, 
глутаматтың эксайтуыттылық әсері мен тотығулық стресстен пайда болған 
өнімдердің нейрондық рецепторларды әсерлендіруі байқалады. Сонымен 
қатар, ерте жауап қайтаратын гендердің экспрессиясы жасуша 


50 
апоптозының түрлі механизмдерін туындатады. Жасушаны зардаптайтын 
ықпалдар туралы сигналдар рецепторлар мен мембраналар арқылы
нейрондар ядросына беріледі. Осы жерлерде гендердің экспрессиясы 
басталады. Бұл кезде осы гендердің экпрессиясымен бірге мидың аумақты 
жерлерінде нәруыздар мен матрицалық РНҚ (мРНҚ) түзілуінің 
индукциясы байқалады. Сондықтан, нәруыздар түзілуі тежелген орталық 
инфаркт аумағының өзінде де мидағы қанағымның деңгейіне сәйкес 
келетін ерте жауап қайтаратын гендердің матрицалық РНҚ-ның аз мөлшері 
анықталады. 
Ерте 
жауап 
қайтаратын 
гендермен 
кодталған 
транскрипциялық факторлардың артығымен түзілуі ишемияланған 
аумақтың шеткі бөлімдерінде, әсіресе ишемиялық инсульттен кейін 
алғашқы 3-4 күннің ішінде байқалады. Осы гендердің экспрессиясы 
күшеюінің ишемиялық аумақтан аластатылған жерлерде тіркелуі маңызды 
орын алады. Бұл феномен пенумбра аумағында жасушадан тыс глутамат 
мөлшерінің артуының баламалы себебі ретінде саналатын депрессияның 
таралуымен байланысты және фокальді ишемияның дамуы кезінде 
инфаркт аумағының ұлғаюына себепші болады. Сонымен қатар, депрессия 
толқынының таралуы трофикалық факторларды түзілуін күшейтіп,
ишемияланған ми тіндерінің шеткі бөлімдерінде өздерінің қорғаушы 
әсерін көрсетеді.
Ерте жауап қайтаратын гендердің экспрессиясының артуы ДНҚ-ны 
байланыстыратын протеиндер мен транскрипцияланған факторлардың 
түзілуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде бірнеше гендерді белсендіреді, 
жасушадан жасушаға ақпаратты тасымалдайды, жасуша бөлінуін, 
жасушалардың өсіп-жетілуі мен олардың нақтылануын бақылайды. 
Сонымен бірге, ерте жауап қайтаратын гендер белгілі молекулалық 
фенотип арқылы ОНЖ-нің нақтыланған жасушалардың өсіп-өнуін
анықтайды. Бұл кезде трансляциялық белсенділкің жылдам және 
толығымен қалпына келуі нейрондардың тірілу көрсеткіштерін алдын ала 
анықтайды, ал баяу және жартылай қалпына келуі – нейрондардың өлуіне 
әкеледі. Сонымен қатар, ерте жауап қайтаратын гендердің экспрессиясы 
бағдарламаланған 
жасушалық 
өліммен 
байланысқан 
гендердің 
экпрессиясының 
іске 
қосылуына 
жағдай 
жасайды. 
Сонымен, 
транскрипцияланған факторлар біруақытта нейрондардың өлуіне де, 
жасушаның тірілуіне де ықпал ететін медиаторлардың қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет