50
апоптозының түрлі механизмдерін туындатады. Жасушаны зардаптайтын
ықпалдар туралы сигналдар рецепторлар мен мембраналар арқылы
нейрондар ядросына беріледі. Осы жерлерде гендердің экспрессиясы
басталады. Бұл кезде осы гендердің экпрессиясымен бірге мидың аумақты
жерлерінде нәруыздар мен матрицалық РНҚ (мРНҚ) түзілуінің
индукциясы байқалады. Сондықтан, нәруыздар түзілуі тежелген орталық
инфаркт аумағының өзінде де мидағы қанағымның деңгейіне сәйкес
келетін ерте жауап қайтаратын гендердің матрицалық РНҚ-ның аз мөлшері
анықталады.
Ерте
жауап
қайтаратын
гендермен
кодталған
транскрипциялық факторлардың артығымен түзілуі ишемияланған
аумақтың шеткі бөлімдерінде, әсіресе ишемиялық инсульттен кейін
алғашқы 3-4 күннің ішінде байқалады. Осы гендердің экспрессиясы
күшеюінің ишемиялық аумақтан аластатылған жерлерде тіркелуі маңызды
орын алады. Бұл феномен пенумбра аумағында жасушадан тыс глутамат
мөлшерінің артуының баламалы себебі ретінде саналатын депрессияның
таралуымен байланысты және фокальді ишемияның дамуы кезінде
инфаркт аумағының ұлғаюына себепші болады. Сонымен қатар, депрессия
толқынының таралуы трофикалық факторларды түзілуін күшейтіп,
ишемияланған ми тіндерінің шеткі бөлімдерінде өздерінің қорғаушы
әсерін көрсетеді.
Ерте жауап қайтаратын гендердің экспрессиясының артуы ДНҚ-ны
байланыстыратын протеиндер мен транскрипцияланған факторлардың
түзілуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде бірнеше гендерді белсендіреді,
жасушадан жасушаға ақпаратты тасымалдайды, жасуша бөлінуін,
жасушалардың өсіп-жетілуі мен олардың нақтылануын бақылайды.
Сонымен бірге, ерте жауап қайтаратын гендер белгілі молекулалық
фенотип арқылы ОНЖ-нің нақтыланған жасушалардың өсіп-өнуін
анықтайды. Бұл кезде трансляциялық белсенділкің жылдам және
толығымен қалпына келуі нейрондардың тірілу көрсеткіштерін алдын ала
анықтайды, ал баяу және жартылай қалпына келуі – нейрондардың өлуіне
әкеледі. Сонымен қатар, ерте жауап қайтаратын гендердің экспрессиясы
бағдарламаланған
жасушалық
өліммен
байланысқан
гендердің
экпрессиясының
іске
қосылуына
жағдай
жасайды.
Сонымен,
транскрипцияланған факторлар біруақытта нейрондардың өлуіне де,
жасушаның тірілуіне де ықпал ететін медиаторлардың қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: