46
бұзылуы оларға антиденелердің бөлінуін туындатады. Ал, екінші жағынан
ГЭТ бүтіндігінің бұзылуы, ишемияланған ми тіндерінен қабынуға қарсы
және вазоактивті заттектердің шығындылары нейроспецификалық
нәруыздарды қанға өткізіп, аутоиммундық реакцияны дамытады және
нерв тіндеріне антиденелердің бөлінуін күшейтеді.
Бос радикалдардың түзілуін күшейтетін NMDA–рецепторлары
белсенділігінің артуы кезінде ЛАТ механизмдерінің белсенуі тотығулық
стресстің дамуында маңызды орын алады. Глутаматты-кальцийлік
каскадтың барлық кезеңінде оттектің белсенді түрлерінің түзілуі
байқалады. Тотығулық стресстің дамуы глутаматтық эксайтуыттылық
әсерлерді күшейтеді. Сондықтан, тотығулық стресстің ишемиялық
каскадтың басқа да реакцияларымен өзара әрекеттесуі олардың
бүліндіргіш әсерін одан сайын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: