3- қалпына келудің кеш кезеңі –
6 айдан 24 айға дейін – үлкен
инсульт
Глиялық тыртықтың немесе ми тінінде
кистозды кемістіктің пайда болуы.
4 -соңғы тапшылықтың қалыптасуы- инсульттен кейінгі
қалдықтық көріну белгілері (1–2
жылдан кейін) – үлкен инсульт
Қыртыс–қыртысастылық
аппаратпен
қимыл–қозғалыс, когнитивті, вегета–
тивті қызметтерін басқаруының жаңа
қызметтік
ұйымдастырылуының
аяқталуы.
Инсульттің негізгі салдары
тұрақты қалыптың және қимыл үйлесімділігінің бұзылуы. Клиникалық
көрінісінің ауырлық дәрежесіне қарастан, ишемиялық инсультте орталық
қимылдық нейрондар мен олардың талшықтарының зардапталуы
анықталады. Бұл олардың ми ишемиясына жоғары сезімталдығынан
дамиды. Инсульттен кейінгі алғашқы айдың соңында науқастардың 80%-
да шала салдану (парез) байқалады.
2. Сөйлеудің бұзылуы: афазия (сенсомоторлық, моторлық, сенсорлық,
амнезиялық) және дизартрияның (артикуляцияның бұзылуы) дамуы
байқалады. Инсульттен кейінгі алғашқы айдың соңында науқастардың
35,9%-ында афазия, ал 13,4%-ында дизартрия дамиды.
3. Когнитивтік (есте сақтаудың, ақыл-парасаттың нашарлауы) және
эмоциялық-еріктік (депрессия, белсенділкің төмендеуі, негативизм)
бұзылыстардың дамуы байқалады. Инсультті басынан кешірген
науқастардың 20- 60% депрессияға ұшырайды.
ҚҰРЫСУЛЫҚ СИНДРОМНЫҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ Құрысулар – кенеттен дамитын, даму ұзақтығы, қарқындылығы мен
таралуы алуан түрлі болатын бұлшықеттердің ұстамалы немесе тұрақты
түрде еріксіз жиырылуымен сипатталатын гиперкинездер (мидың түрлі
құрылымындағы: экстрапирамидалық жүйелер, таламус, субталамустық
ядро, мишықтың тісшелік ядросы, қызыл ядроның, қыртысты жүйе мен
олардың байланыстыратын жүйелердегі нейрондардың зардапталуынан
дамитын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуының саны мен көлемінің
көбеюі) түрі. Бұлшықеттердің жиырылуы жергілкі түрде (жергілкі
тырысулар) немесе көптеген бұлшықеттердің қатысуымен өтетін, яғни,
таралған түрде көрінуі мүмкін. Құрысулар дамуының негізінде ми
қыртысындағы нейрондардың шамадан тыс/асинхронды белсенділігінің
60
дамуы мен мидың түрлі бөлімдерінде олардың белсенуінің артуынан қозу
ошақтарының пайда болуы жатыр.