Құрусулардың этиологиясы Құрысулық ұстамалардың дамуымен көрінетін аурулардың жиынтығы
алуантүрлі және генетикалық детерминацияланған аурулар ретінде
қарастырылады.
Құрысулардың нақты даму себептерін 20%-дық жағдайда анықтауға
болады. Ондай құрысулық синдромды екіншілкі (салдарлық), әйгіленімдік
құрысулық синдром деп атайды. Құрысулық синдромның дамуының
негізінде ишемия мен мидың гипоксиясы жатыр. Сонымен қатар,
құрысулық синдромдар мидың инфекциялық, токсикалық уыттануынан
және
тұз-су
алмасуының
бұзылыстарынан
туындайды.
Жіті
нейроинфекция (токсикоз, азотемия) кезінде дамитын құрысулық синдром
мидың ісінуі, бассүйекішілік гипертензия және жалпы милық
бұзылыстардың клиникалық көрінісі ретінде саналады. Осындай
жағдайлар көбінесе гипертермияның нәтижесінде дамиды. Сонымен қатар,
құрысулар токсоплазмоз кезінде, бас миының өспелерінде, психикалық
факторлар әсер еткенде, жарақаттану, күйік, уыттанғанда байқалады.
Құрысулар дамуының тағы да бір себептеріне зат алмасудың бұзылыстары
(гипогликемия, гипокальциемия, ацидоз, гипонатриемия, сусыздану),
эндокриндік ағзалардың функциясының бұзылыстары (бүйрек үсті безінің
жетіспеушілігі, гипофиздің функциясының бұзылуы), артериялық
гипертензиялар жатады. Құрысулық ұстамалар миға қан құйылған кезде
ми тінінің қатаюынан немесе склероздаушы процесстердің салдары
ретінде дамитын глиоздың, жабыспалардың пайда болуынан туындайды.
80%-дық жағыдайда құрысуларды туындататын нақты себептерді
анықтау мүмкін емес. Осындай жағдайда оларды генетикалық немесе
тұқымқуалауға бейім құрысулар ретінде қарастыруға болады.
Есте са қтаңыздар !
1. Құрысулық синдром – көлденең-жолақты
бұлшықеттердің еріксіз жиырылуымен көрінетін патологиялық күй.
Құрысулық синдром дамуының негізінде инфекциялық, токсикалық
уыттанулар, тұз-су алмасуының бұзылуы, ми ишемиясы мен гипоксия
және басқа да факторлар жатыр.
2. Шығу тегіне қарай құрысулық
синдромды эпилепсиялық және эпилепсиялық емес деп екі түрге бөледі.
Эпилепсиялық емес ұстамалар кейінгі уақытта эпилепсиялық ұстамаларға
ауысуы мүмкін.