Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


- шетелдік техникалық жіне гуманитарлық көмектерді тарту жəне тиімді  пайдалану



Pdf көрінісі
бет108/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
-
шетелдік техникалық жіне гуманитарлық көмектерді тарту жəне тиімді 
пайдалану. 
 
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
-
өндіріс қарқынының төмендеуі;
-
халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы 
табыстың төмендігі);
-
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;
-
демографиялық, 
экологиялық, 
əлеуметтік 
қызметтер 
көрсету 
саласындағы мəселелердің күшеюі.
Мемлекеттегі əрбір аймақ өзімен
-
өзі жеке дамый
алмайды, өйткені басқа 
аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі 
керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық 
саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет əрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, 
сол бойынша əрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет 
аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша 
себептерді көрсету қажет. 
Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

елдегі
аймақтардың табиғи

климаттық айырмашылығы;

аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, 
саласы жəне аумағы. Бұл тек ауыл шаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана 
емес, өнеркəсіпті орналастару жағдайын жəне халықтың өмір сүру жағдайын 
ұйымдастаруға да əсерін тигізеді;

аймақтың орналасуының күрделі жағдайы, соның əсерінен шығындар 
артып, бағаның өсуі байқалады. Бұл аймақтың көлік жəне байланыс 
қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуна ықпал етеді;

инновация енгізу жағдайының артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

елдің экономикалық даму тенденциясы;

институционалдық факторлар: жалпы жəне аймақтық саясаттың 
нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы жəне т.б.

орналастырудың физикалық факторлары: əуежай

көлік жүйесі, өндірістік 
алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз 
етілуі, өндірістік инфрақұрылым;

əлеуметтік мəдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім 
деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы жəне т.б.;

орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясаттың аймақтың 
ерекшеліктердің есепке алмауы;


~173~ 

орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу 
үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік ретеу еліміздің жəне оның жекелеген 
аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойылған мақсаттарға 
жетуді көздейтін мəселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық 
саясаттың мəні

жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді 
басқару болып табылады.
Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға 
болады:

əрбір аймақтағы халықтың тұрмыс

жағдайының деңгейін теңестіру;

дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан 
айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін 
жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта 
құру тек ірі, жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір 
аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажетті ресурстардың 
жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі қызметі артта
қалған аймақтарды

даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мұндай жағдайлар 
халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс. 

аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;

тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет