Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Ата



Pdf көрінісі
бет145/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Ата
-
аналармен 
балалардың алименттік міндеттемелері. 
Ата
-
аналар өздерінің кəмелетке 
толмаған балаларын асырап
-
бағуға міндетті. Кəмелетке толмаған балаларды 
асыраудың тəртібі мен нысанын ата
-
аналар дербес айқындайды. Ата–аналар 
«Неке жəне отбасы туралы» Заңның 20
-
тарауына сəйкес өздерінің кəмелетке 
толмаған балаларын асырап
-
бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) 
жасауға құқылы.
Егер ата–аналар өздерінің кəмелетке толмаған балаларын асырап
-
бағуына 
алмаса, кəмелетке толмаған балаларды асырап
-
бағуға арналған қаражат 
(алимент) ата
-
аналардан сот тəртібімен өндіріп алынады. Ата
-
аналардың 
алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кəмелетке толмаған балалар асырап
-
бағуға алынбағанда жəне сотқа талап
-
арыз берілмегенде 
қоғаншы
 
жəне 
қамқоршы
 
орган кəмелетке толмаған балаларға олардың ата
-
анасынан (олардың 
біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кəмелетке толмаған 
балаларға олардың ата
-
аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір 
балаға
-
ата
-
анасы табысының жəне (немесе) өзге де кірісінің
-
төртпен бірін; екі 
балаға
-
үштен бірін; үш жəне одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. 
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық 
жағдайларын жəне назар аударарлық өзге де мəнжайларды ескере отырып 
кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
Ата
-
аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кəмелетке толған 
балаларын асырап
-
бағуға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған 
жағдайда еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балаларға алимент төлеу 
мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік 
көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық жəне отбасылық 
жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып 
белгілейді.
Еңбекке жарамды кəмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз 
көмекке мұқтаж ата
-
аналарын асырап
-
бағуға жəне оларға қамқолық жасауға 
міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз 
көмекке мұқтаж ата
-
аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кəмелетке 
толған балаларынан сот тəртібімен өндіріп алынады. Əрбір баладан өндіріп 


~223~ 
алынатын алимент мөлшерін сот ата
-
аналары мен балаларының материалдық 
жəне отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да 
мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік 
көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.
Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бəріне, олардың 
біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата
-
ананың нңбекке жарамды, кəмелетке толған балаларының бəрін ескеруге 
құқылы. Егер сот ата
-
аналардың ата
-
ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын 
анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата
-
аналарын асырап
-
бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін. балалары 
ата
-
ана құқықтарынан айырылған ата
-
аналарына алимент төлеуден босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет