Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет147/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Немерелерін асырап
-
бағу жөніндегі атасы мен əжесінің міндеттері. 
Өздерінің ата
-
аналарынан көмек алуы мүмкін
болмаған жағдайда, кəмелетке 


~224~ 
толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті 
қаражаты бар əжесі мен атасынан сот тəртібімен алимент алуға құқығы бар. 
Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата
-
анасынан көмек 
ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кəмелетке толған немерелерге да 
осындай құқық беріледі. Өздерінің кəмелетке толған еңбекке жарамды 
балаларынан немесе жұбайының (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала 
алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен əжелер 
өдерінің алимент төлеуге қажетті алимент талап етуге құқылы.
Кəмелетке толмаған балаларға нақты тəрбие беруді, асырап
-
бағуды жүзеге 
асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерінің 
кəмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан 
(бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерінің кəмелетке толған, 
еңбекке жарамды тəрбиеленушілерінен көмек беруді сот тəртібімен талап етуге 
құқылы. Егер тəрбиелеушілер тəрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт асырап
-
бағып, тəрбиелесе, сондай
-
ақ өздерінің тəрбиеленушілерін тиісті түрде асырап
-
бақпаған жəне тəрбиелемеген болса, сот тəрбиеленушілерді нақты 
тəрбиеленушілерін асырап, бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тəрбиелеп, асырап
-
баққан, еңбекке 
жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей əке мен өгей шешенің, егер өздерінің кəмелетке 
толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы 
жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке 
жарамды, кəмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап
-
бағуды сот тəртібімен талап етуге құқылы. Егер өгей əке мен өгей шеше өгей 
балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тəрбиелеп, асырап
-
бақса, 
сондай
-
ақ олар өздерінің тəрбиелеу жəне асыру міндеттерін тиісті түрде 
атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей əкесі мен өгей шешесін 
асырап
-
бағу міндеттерінен босатуға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет