~226~
міндеттерін, сондай
-
ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын
көздеуі тиіс.
Бала патронат тəрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге
тəрбиелеуге беріледі. Патронат тəрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу жəне
тəрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер ҚР заңдарымен
белгіленеді.
Баланы тəрбиелеуге беру туралы шарт: 1) дəлелді себептері (сырқаттану,
отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің
болмауы, балалар арасындағы жан
-
жалдар жəне басқалар) болған кезде патронат
тəрбиешілердің бастамасы бойынша; 2) баланы асырап
-
бағу, тəрбиелеу жəне
білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы жəне қамқоршы
органның бастамасы бойынша; 3) бала ата
-
анасына қайтарып берілген немесе
бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Патронат
тəрбиешілер тəрбиеге алынған балаға (балаларға)қатысты
қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Патронат тəрбиешілерді іріктеп алуды қоғаншы мен қамқоршы органдар жүзеге
асырады. Шарт бойынша оны патронат тəрбиешілерге беру үшін баланы
(балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы мен қамқоршы органмен келісім
бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек
білдірген адамдар
жүзеге асырады.
Ағалы
-
інілерді, апалы
-
сіңлілерді (қарындастарын) ажыратуға жол
берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды.
Баланы (балаларды) патронат тəрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып
жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі
мүмкін.
Патронат
тəрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі
алименттерге, зейнетақыға, жəрдемақыға жəне басқа да əлеуметтік төлемдерге
құқығын, сондай
-
ақ тұрғын үй
-
жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй
-
жайды
пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй
-
жайы болмаған кезде, тұрғын үй
зандарына сəйкес оған тұрғын үй
-
жай берілуіне құқығы бар.
Қорғаншы
жəне
қамқоршы
орган
патронат
тəрбиешілерге қажетті көмек
көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тəрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға
жəрдемдесуге міндетті, сондай
-
ақ патронат тəрбиешілерге жүктелген баланы
(балаларды) асырап
-
бағу, тəрбиелеу жəне оған білім беру міндеттерін орындауға
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: