Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Жердің шөлейттенуі жəне тозуы



Pdf көрінісі
бет183/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Жердің шөлейттенуі жəне тозуы. 
Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта 
орналасқан жəне оның аумағының шамамен 66 пайызы түрлі деңгейде 
шөлейттену
 
үрдістеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның 
тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан жəне басқа да 
себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды. 
БҰҰ
 
мəліметті 
бойынша қазіргі таңда жылына 23 млн. гектар жер 
шөлейттенеді
 
екен. 
Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің 
шөлейттенуі
 
мен 
тозу
 
мəселесі шаң
-
тұз дауылының пайда болуы жəне ауа массаларының ластаушы 
заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нəтижесінде біртіндеп 
трансшекаралық
 
мəселеге айналуы мүмкін.
 
2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың 
теріс əсерінің алдын алуға жəне қысқартуға, тозған жерлерді жəне топырақтың 
құнарлылығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды жəне/немесе 
қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, халықтың экологиялық қауіпсіздігін 
нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетіктерін əзірлеу мен 
енгізуге, сондай
-
ақ шөлейттенумен күрес процесінде халықтың кең қауымының 
хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен 
күрес жөнінде бағдарлама əзірлеу жəне бекіту қажет. Бағдарламаның негізгі 
нəтижелері шөлейттену үрдістерін болдырмау жəне жердің тозу ауқымын 
қысқарту, шөлейттенумен күрестің экономикалық тетіктерін енгізу, ауыл 
шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру болмақ.
Ұлттық экологиялық мəселелер: Экологиялық апат аймақтары 
(Семей, Арал). 
Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның 
тозуы орын алған жəне қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың 
денсаулығына елеулі зиян келтірілген 
Арал
 
жəне 
Семей
 
өңірлері 
экологиялық
 


~266~ 
апат
 
аймақтары
 
болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі 
қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.
 
Қазіргі уақытта бұрынғы 
Семей
 
полигонына
 
шектес аудандарда (71,9 мың 
халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың жəне адамдар өлімінің, қан 
айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сəбилер арасындағы кеселдердің 
жəне ерте қартаю көрінісінің жоғары деігейі байқалуда. 
Арал
 
өңірі
 
экологиялық 
апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) əсіресе əйелдер жəне 
балалар арасында асқазан
-
ішек аурулары мен қан
аздығы, балалардың шетінеуі 
мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуды. 1960 жылдан бастап 
Арал теңізі деңгейі 17 метрге, көлемі 75 

кеміген. Теңіз өзінің бұрынғы 
жағасынан 100
-
150 шақырым кетіп, 33 мың шаршы шақырым жағалау 
жалаңаштанға. Кейбір мəліметтерге қарағанда жыл сайын Аралдан желдің 
күшімен 100 тоннаға дейін тұз ұшып, Еуропаға, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін 
жеткен.
Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат 
аймақтарында халықтың тұруының əлеуметтік
-
экономикалық жəне экологиялық 
жағдайын кешенді талдау жөнінде іс
-
шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен 
қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды əзірлеу жəне 
аумақтардыэкологиялық бағалау мен ядролық сынақтар жəне өзге де 
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға əсерінің салдарларын 
ескере отырып, сауықтыру
-
оңалту іс
-
шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 
жылға дейін халықтың ішкі көші
-
қоны жəне экологиялық апат аймақтарының 
аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы əзірленуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет