~75~
5.
Негізгі бəсекелестер нарығымен сегментті сəйкестендіру. Таңдалған
нарық сегменті
негізгі бəсекелестермен қаншалықты сəйкес, сіздің қызметіңіз
оларды қаншалықты қызықтырады.
6.
Таңдалған медициналық қызмет нарық сегментін бəсекелестерден
қорғау. Осы белгілерге сəйкес, қалай əлеуетті бəсекелес болуға болады, олардың
əлсіз жəне күшті жақтары қандай, медициналық мекеменің бəсекелестік күресте
артықшылығы бар ма жəне олар қандай.
Тек осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін медициналық мекемеге осы
сегментке сəйкес пе, көрсетілетін қызметке тұтынушылық сұранысты зерттеуді
жалғастыру керек пе шешім қабылдап, ақпарат жинап жəне қосымша қаражатты
инвестициялау.
Науқастар топтары бойынша нарықты сегменттеу:
1.
Географиялық сегменттеу. Нарықты əртүрлі географиялық бірліктерге
бөлу: мемлекет, аймақ, облыс, қала, қала ішіндегі аудандар. Географиялық
белгілерге жататындар: ауданның көлемі, халық тығыздығы, халық саны, қала
орталығынан медициналық мекеменің алшақтығы, медициналық мекеме
орналасқан жерде
ауданның көліктік желісі.
2.
Демографиялық сегменттеу келесі белгілері бойынша тартымды:
біріншіден, демографиялық белгілерді сандық бағалауға болады; екіншіден,
медициналық қызметке қажеттілік көп жағдайда демографиялық белгілермен
түсіндіріледі.
3.
Психологиялық сегменттеу. Бұл сегменттеудің өте айқын əдісі. Өмір
сүру дағдасы жəне белгісі, тұлға типі жəне науқастардың қызығушылығы
ұсынылатын медициналық қызметке мүмкін болатын əсерін нақты сипаттайды.
Психологиялық сегменттеудің түрлері:
-
нарықтағы мінез
-
құлқы бойынша;
-
мұқтаждық деңгейі бойынша;
-
сезімталдық деңгейі бойынша;
-
ұстанымдық деңгейі бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: